Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

16418243
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
12112
20398
70219
16078164
98921
460667
16418243

Сіздің IP: 3.15.214.120
Уақыт: 2025-02-07 19:19:55

Педагог – психолог жұмысындағы жаңашылдық

Инновации в работе педагога-психолога Инновации в работе педагога-психолога
Инновации в работе педагога-психолога Инновации в работе педагога-психолога

12 сәуір күні М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайында «Білім беруді ұйымдастырудағы психологиялық қызмет: инновация және практикалық қолдану тәжірибесі» атты ғылыми-практикалық конференция өтті. Шараға Павлодар және Ақсу қалаларының мектеп және балабақшаларының психологтары, Лебяжі, Май және Ертіс аудандарынан қатысушылар болды.

Конференцияда ЖОО-ның оқытушылары және іріктеу кезеңінің қала және облыстан келген психологтар қатысты. Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің психология кафедрасының оқытушысы,  PHD докторы Гульнара Топанова Туяковна балалар мен жасөспірімдердің психологиялық денсаулығы саласындағы отандық және шетелдік мамандардың проблемалары туралы әңгімелеп берді. Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің практикалық психология орталығының директоры, психология кафедрасының доценті, психология ғылымының кандидаты Ольга Колюхтың баяндамасынан тыңдаушылар психологиялық білімнің жаңа үрдістері туралы және өзекті мәселелерді біліп алды. Білім беру мекемелеріндегі психологиялық қызметтің өзекті сұрақтары бойынша кәсіби диалог болды. Психологтардың жұмысындағы ата-ана мен педагогтардың жұмыс жасауындағы жаңаша формалар сөз етілді. Конференциядағы баяндамалар жасөспірімдердің ауызша агрессия және дарынды баланың жеке басын дамыту технологияларына ерекше назар аударылды. Конференция аясында психологтар өткізген бірегей әдістер мен инновациялық технологиялар бойынша шеберлік-сыныптар ерекше сұранысқа ие болды. Психологтар ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, жыл сайын осындай ғылыми-практикалық конференцияларды өткізіп отыруға тілек білдірді.

Түсініктемелер қосу