Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар15769393
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 9345 9806 38890 15471449 423756 367126 15769393 Сіздің IP: 3.145.73.167
Уақыт: 2024-12-25 19:38:23
|
«Туған жер» ұлттық-патриоттық идеясы Оқушылар сарайының педагогикалық кеңесінде талқыланды
М.М. Катаев атындағы Облыстық Оқушылар сарайында 2018 жылдың 26 наурыз күні «Қосымша білім беру жағдайында «Туған жер» ұлттық-патриоттық идеясы» атты педагогикалық кеңесі өткізілді. Аталмыш шараның басты мақсаты Оқушылар сарайының тәрбиеленушілеріне ұлттық-патриоттық тәрбие беріп, ұлттық-тарихи дәстүрлерін қалыптастырып, рухани және шығармашылық әлеуетін жаңғырту үшін жағдай жасау. Оқушылар сарайының бейімдеп оқыту бойынша басшының орынбасары Гүлнар Жанғазы «Туған жер» бағдарламасының бағыттарына кеңінен тоқталып, әр бөлім бойынша «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен іс-шараларға толық талдау жасады. Педагогикалық кеңес Оқушылар сарайының 2 наурыз күні салтанатты түрде ашылған «Рухани жаңғыру» кабинеті бойынша ұстаздардың білімдерін толықтыру мақсатында квест-ойынына жалғасты. Ұстаздар ұжымы алты топқа бөлініп, әдіскерлердің осы кабинет ішіндегі алты стенд бойынша дайындаған сұрақтарына жауап берді. Кеңестің шешімі бойынша 2018 жылдың 4 сәуіріне дейін «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілген барлық іс-шараларға жұмыстың талдауына қоса, шаралардың әзірлемесін, БАҚ беттерінде жарияланған сілтемелерді, ережелерді тапсыру керек. 2018-2022 жылға дейін іс-шаралардың жоспарын дайындау, Оқушылар сарайының әдістемелік бөлімінің бастамасымен барлық тәрбиеленушілерге патриоттық тәрбие беретін шараларды өткізу, оқушылардың туған жерге деген махаббатын ояту, рәміздер мен әнұранды жатқа білуді қадағалау. Ал Оқушылар сарайының барлық педагогикалық ұжымы «Рухани жаңғыру» кабинетіне өз тәрбиеленушілеріне танымдық экскурссия жасап, осы кабинет ішінде іс-шараларды өткізу, сонымен қатар ұстаздар әр сабақтың барысында мемлекеттік тілге баса назар аударуы тиіс. |