Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар17651146
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 7070 13894 62796 17356200 102625 468472 17651146 Сіздің IP: 3.128.153.31
Уақыт: 2025-05-09 14:44:58
|
Латын графикасымен танысайық!
2018 жылдан бастап қазақ тілінен латын жазуына біртіндеп көшуді насихаттау және тарату мақсатында ағымдағы жылдың 6 наурыз күні М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайының «Рухани жаңғыру» кабинетінде «Өркен» тәрбиеленушілері үшін «Латын графикасын жаттаймыз» атты сайыс-ойын бағдарламасы өтті. Балалар латын әліпбиінің тарихымен, жаңа латын графикасымен танысып,қазақ тілін кириллицадан латыға аударуға қолдау білдіріп жатты. Ы.Алтынсариннің «Құмырсқа, өрмекші және қарлығаш» атты тәрбиелік мәні зор әңгімесін оқи отыра, мазмұнын талдап, сұрақтарға белсенді жауап беріп отырды. Бұл әңгіме балаларды еңбекқорлыққа шақырады. Балалар дәптерлеріне латын қаріптерімен еңбек туралы мақал-мәтелдерді тауып жазды. Ал содан соң өз жазғандарын интербелсенді тақта арқылы тексеріп шықты. Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдердің орыс тілімен сәйкестігін тапты. Үйірменің тәрбиеленушілері сабақта белсенділік танытты. Бұл дегеніміз олар жаңа әліпбиді тез, әрі жетік меңгереді. |