Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар22987616
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 6580 11890 25764 22740917 201864 270568 22987616 Сіздің IP: 18.97.14.80
Уақыт: 2026-07-22 15:46:18
|
Өткенді бағалай отырып, жаңа мүмкіндіктер көкжиегіне
Павлодар облысының «Жас Ұлан» ұйымы өзінің алдағы уақыттағы жұмыстарының бағыттарын анықтау үшін жалпы жиын өткізді. Оған Үлкендер мен Кішілер палатасының өкілдері қатысты. Отырыс барысында Ақсу қаласы мен Ақтоғай, Ертіс, Баянауыл, Железин, Қашыр аудандарының өкілдері «Өз дауысым», «Табысқа бастар жол», Белсенді балалар мектебі мен Патриоттық бағытта іске асқан жобалар бойынша есеп берді. Бұдан басқа қос палата «Сенің әлемің – Твой мир» газеті бойынша бірқатар мәселелерді қарастырып, оның көпшілік арасында кең таралуына мүмкіндік беретін жолдарды талқыға салды. «Жас Ұлан ББЖҰ» РҚБ қатысуға ұсынған жаңа жобаларға бастама беріп, оларға қатысу туралы шешім қабылдады. Ұйымдастырылған отырыс өте нәтижелі өтті, оның негізінде шығарылған шешімдермен газетіміздің келесі сандарында танысасыздар.
|














