Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар23697112
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 8655 13245 21900 23422659 8655 579883 23697112 Сіздің IP: 216.73.216.228
Уақыт: 2026-09-01 13:02:15
|
Дені сау ұрпақ – ұлт болашағы
Ағымдағы жылдың 18 қаңтар күні Оқушылар сарайының кіші залында «Біз – Денсаулық әлемінің балаларымыз» атты балалар қоғамдық қабылдауы өтті. Шараның мақсаты Павлодар қаласының мектеп оқушыларына салауатты өмір сүру туралы, оны насихаттау мәселесі жайлы ақпар беру. Бұл күнгі шараға Павлодарлық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының маманы Гүлнар Саканова қатысқан болатын. Гүлнар Саканова «Шылым шегудің денсаулыққа зияны» туралы баяндамсын оқып, темекінің адам ағзасына кері әсері туралы оқушылармен пікір-талас ұйымдастырды. Пікір-талас барысында балалар темекінің зиянды әсерлерін талқылап, жас жеткіншектердің темекі шегуден аулақ болу жолдарын қарастырды. Салауатты өмір салтының маманы Гүлнар Саканова темекінің тарихы және оның адам ағзасын улайтыны туралы мәлімет бере отыра, шылым шегудің зиянды жақтарын аша отырып, сақтану жолдарын, ұжым болып жұмыс істеуге, бірін - бірі тәрбиелеуге үйретіп, өз денсаулықтарына жауапты болуға кеңес берді. Балалар қоғамдық қабылдауында Павлодар қаласының №№ 6, 29, 34, 36, 42 ЖОМ-нен 60 оқушы қатысты. |














