Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар24464612
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 6556 8875 67159 24148758 248532 527623 24464612 Сіздің IP: 216.73.216.219
Уақыт: 2026-10-17 19:25:17
|
Күзгі каникул көңілді өтуде
2017 жылдың 3 қарашасында М.Катаев атындағы Оқушылар сарайының педагогтары Павлодар мектептерінің оқушылары үшін күзгі каникул мезгілінде біріңғай әдістемелік күн ұйымдастырды. Аталмыш іс-шараға Павлодар қаласының №№ 13, 14, 17, 19, 23, 28, 32, 34, 35, 37, 39, 43 ЖОББМ-нің оқушылары және Успен ауданының Константиновская мектебінің оқушылары қатысты. Бұл күнгі мерекенің бағдарламасында шеберлік сабақтар, кіші хайуанаттар бағы мен обсерватория және планетариға экскурссиялар қарастырылды.
Оқушылар сарайының ғылым және техника бөлімінің педагогтары Ирина Матвеева «Саябақ бойынша саяхат», Гүлнар Бектогаева «Күз» атты шығармашылық шеберханасы, Асем Аипова «Журналистика бойынша коммуникативтік ойындар» өткізді. Ал эстетика бөлімінің педагогтары Д. Реймхен «Қағаздан өрілген бұйымдар», Евгения Леденёва «Күзгі гүлшоғы» фейс арт жасау, Жанар Амантаева «Туған күніңмен, сүйікті сарайым!» атты оригамимен топпен жұмыс орындады. Көркемөнер бөлімінің педагогтары Елена Баркова «Ән театрында сабақ берудің ерекшеліктері», Куаныш Райымбеков «Бастапқы кезеңде домбырада ойнау ерекшеліктері», Д. Гимазетдинова «Қазақ биінің ерекшеліктері», Баршагүл Ногаева «Вокалдық шеберліктің бастапқы дағдылары» атты шеберлік сабақтар жүргізді.
Әдістемелік күннің соныңда Оқушылар сарайының туған күніңе арналған мерекелік концерттік өтті. Аталмыш шараға Павлодар қаласы мектептерінен 200-ге жуық оқушы қатысты. |














