Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар21533051
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 9067 8765 17832 21255117 28223 430355 21533051 Сіздің IP: 216.73.216.102
Уақыт: 2026-03-03 17:48:37
|
Заманауи технологиялар мен балалардың қауіпсіздігі үшін. Оқушылар сарайындағы Республикалық курстар
2017 жылдың 30-шы қазанынан 3-ші қарашаға дейін М.М.Катаев атындағы Облыстық Оқушылар сарайында Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі қосымша білім берудің республикалық оқу-әдістемелік орталығы біліктілікті арттыру курсын өткізді. Курс тақырыбы: «Қосымша білім беру жағдайында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Оқу үрдісіндегі заманауи технологиялар және балалар қауіпсіздігі». Курсқа Павлодар, Жамбыл, Шығыс-Қазақстан, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облыстарынан 36 тыңдаушылар қатысты. Курс бағдарламасына сәйкес тыңдаушылар үшін дәрістер, баяндамалар, білікті мамандар дайындаған шеберлік сабақтар өткізілді. Курстың лекторлық құрамына С.Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік университетінің, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының, М.М.Катаев атындағы Облыстық Оқушылар сарайының және Павлодар қаласы №5 ЖОМ-нің қызметкерлері енді. Курс соныңда қатысушыларға Республикалық қосымша білім беру орталығынан сертификаттар табысталады. |














