Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар15746399
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 15896 15540 15896 15471449 400762 367126 15746399 Сіздің IP: 3.144.224.30
Уақыт: 2024-12-23 20:06:35
|
Оқушылар сарайының «Үркер» өлкетану клубы танымдық акциясын жүргізді
Облыстық Оқушылар сарайының «Үркер» өлкетану клубының мүшелері павлодарлықтарға туған қалаларының тарихын баяндап берді. Олар «Туған жер» акциясын өткізген болатын. «Үркер» клубының оқуышлары қалалықтарға танымдық марафонын ұйымдастырды. Олар қала көшелеріне шығып кездейсоқ адамдарға қаланың көрікті жерлерін, ескі ғимараттар мен саябақтар туралы айтып берді. Бұл шараға олар алдын-ала қызу дайындық жұмыстарын жүргізген болатын: клуб мүшелері ең алдымен өздері Павлодар туралы жаңа ақпарат біліп, Оқушылар сарайының кітапханасынан көп матреиалдар жинап, таныс аға- буынан кейбір ғимараттар туралы қызықты мәліметтерді біліп алды. Акция кезінде олар қатысушыларға Павлодар жайлы ақпарат жазылған парақшалар таратты. - Бүгін біз, павлодарлықтарды облыс орталығының жеті ең негізгі орындарымен таныстырдық. Олар: Чехов атындағы театры, Ақ мешіт, бұрынғы телеграф, өлкетану мұражайы, «Золотой телёнок» және «Старый город» дүкендері туралы, – деп баяндады «Үркер» клубының жетекшісі Бауыржан Сейталиев. Біз болашақта бұндай іс-шараларды жалғастырғымыз, өйткені балалар үшін бұл өте пайдалы. Мүмкін акцияның форматын біраз өзгертеміз. «Үркер» клубы өлкетану бағыты бойынша Облыстық Оқушылар сарайында биыл алғаш рет жұмысын бастаған еді. Бұл клубка екі топ қатысып, оқушылар аға тәлімгерліктен қосымша сабақ алады. |