Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар15087947
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 1399 8541 49996 14727551 109436 453407 15087947 Сіздің IP: 3.145.164.83
Уақыт: 2024-11-09 05:13:42
|
Оқушылар сарайы ынтымақтастыққа шақырады
2017 жылдың 27 қыркүйегінде «Өскелең ұрпақты тәрбиелеуде Оқушылар сарайының Павлодар облысының білім беру мекемелерімен тиімді өзара әрекеттестігі» тақырыбында облыстық семинар өтті. Оқушылар сарайының кіші залында қалалық және аудандық білім бөлімдерінің тәрбие жұмысы бойынша мамандары, қосымша білім беру ұйымдарының басшылары, Павлодар қаласы мектептерінің тәрбие жұмысы бойынша директор орынбасарлары жиналды. Әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Лилия Торощина 2016-2017 оқу жылына Оқушылар сарайының облыстық білім мекемелерінің бірлескен өнімді жұмысын сөз етті. Лилия Леонидовна өткен оқу жылында Оқушылар сарайы өткізген 13 семинарға қатысқан ең белсенді Павлодар, Ақсу, Павлодар ауданы, Ақтоғай және Баянауыл ауданынан келген педагогтарға алғысын білдірді. - Төрт жыл қатарынан «Жайдарлы жаз» бағдарламасы аясында «Жазғы көшбасшылар мектебі» және «Балалар әлемі» атты өткізіліп отырған жазғы жобалары ынтымақтастықтың айқын дәлелі, – деп тұжырымдады Лилия Торощина. Ағымдағы жылдың жаз айында 36 мектептен жазғы лагерьге келген балалардың саны 14400 адамды құрады. Ал өткен жылы 12565 адамды құрап, бала саны биылғы жылға қарағанда төмендеу еді. №№ 5,43,2,29,22, 14,39 жалпы білім беретін мектептер ең белсенді қатысушылар болды. Семинар қатысушыларына жоспарланып отырған облыстық жобалар мен конкурстар слайд-шоу ақпараты арқылы көрсетілді, оның ішінде дәстүрге айналған «Шоу талантов», «Подиум», «Золотой микрофон», «Юниор-экспресс» және тағы да басқа жобалар бар. Эстетика бөлімінің меңгерушісі Татьяна Фирсова «Радуга детских талантов» атты шығармашылық фестиваль туралы сөз етті. Оқушылар сарайының баспасөз қызметінің өкілдері Асем Аипова мен Варвара Даирбаева «Твой мир» облыстық балалар-жасөспірімдер газетіне жазылу үшін білім ұйымдарымен екі жақтық келісім шартқа отыруға ұсыныстарын білдірді. Оқушылар сарайының әдіскері Асима Оспанкулова мен әдістемелік кітапхананың жетекшісі Татьяна Суворова семинар қатысушылары алдыңда сөз сөйледі. Татьяна Владимировна педагогтардың құзырлықтарын арттыру үшін әдістемелік нұсқаулықтар жайында сөз қозғады. |