Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар15974993
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 1063 5464 22526 15648833 116338 513018 15974993 Сіздің IP: 3.17.165.196
Уақыт: 2025-01-08 00:34:36
|
Ұлы мақсатқа ұлы мереке
«Ұлы дала елі» фестивалі үшін М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайының педагогтары мен тәрбиеленушілері әдемі ұлттық билер мен мемлкеттік тілде шырқалған әндер, сонымен қатар таза ауда ойнатылатын белсенді балаларға арналған ойындарды арнайы әзірледі. Дәстүрге айналған этнофестиваль тамыз айының 12-13 күндері Ленинск ауылында Ертіс жағасының маңында өткізілген болатын. Мерекеге жиналған қонақтар үшін екі күн қатарынан Оқушылар сарайының эстетика бағытының педагогтары сән-қолданбалы өнер бойынша шеберлік-сабақтар жүргізді. Балаларға аквагримм жасалып, кез-келген адам өз қолымен жүннен әдемі моншақтар істеп үлгеріп, жүннен жасалатын заттардың технологиясымен танысты. Шебер қолдар өте көп болды. Балалар үлкен ақ қағаз бетіне сурет салып, ұлттық ойындарды ойнады. Оқушылар сарайының жұмыскерлері сахына үстінде «Тұсау кесу» дәстүрін сомдады. Осы жерде би-флешмобы болды. Ойын алаңына балалармен қатар ересектер де жиналды. Ер адамдар «Оқтау тартыс» ойынын ойнап күштерін сыңап жатса, әйел адамдар өз балаларына ептілікке байланысты жарыстарда көмекке келді. «Тартыс», «Кім зерек», «Теңге алу», «Арқан тартыс», «Айгөлек», «Сиқырлы таяқша» атты ұлттық ойындар ойнатылды. «Ұлы дала елі» этнофестивалі осыдан екі жыл қатарынан өткізіліп келеді. Аймақ басшысы Булат Бакауовтың айтуы бойынша, «...Мұндай ауқымды шара, «Болашаққа көзқарас» атты Елбасының Патриотизмді және халқының ұлттық рухын нығайтуға бағытталған, ұлттық тұтастығын және қоғамдық сананы жаңғырту» атты бағдарламасын іске асырудың айқын дәлелі. |