Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12654731
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
9624
17782
113680
12290016
348896
367470
12654731

Сіздің IP: 54.234.233.157
Уақыт: 2024-03-29 20:28:58

Бітімгер – мақтан тұтар мамандық

Миротворец – это звучит гордо! Миротворец – это звучит гордо!
Миротворец – это звучит гордо! Миротворец – это звучит гордо!

2017 жылдың 19 мамыр күні Облыстық Оқушылар сарайының үлкен залында «Жас ұлан» жасөспірімдер ұйымының қалалық, аудандық көшбасшылары өз шығармашылық игі істерінің қорытындысын ұсынды. Бұнда еріктілер бағытындағы «Жас Ұлан» «Үздік ұлан – Жас бейбітшіл» байқауының облыстық туры өтті.

Миротворец – это звучит гордо! Миротворец – это звучит гордо!
Миротворец – это звучит гордо! Миротворец – это звучит гордо!

Бұл ауқымды шараға қалалық және аудандық 10 жеңімпаз қатысты. Аталмыш байқауды осымен төртінші рет М.М. Катаев атындағы Оқушылар сарайы және «Жас Отан» Жастар қанатының қолдауымен облыстық «Жас Ұлан» балалар жасөспірімдер ұйымының қоғамдық бірлестігі өткізіп отыр. Өткен жылы сайысқа түрлі бағыттар бойынша мектеп омбудсмендері қатысқан болса, биылғы жылы үздік атану үшін еріктілер мен еліміздің жас елшілері ат салысты. Қазылар алқасының құрамында Павлодар білім басқармасының өкілдері, конкурстың ұйымдастырушылары, жастар қоғамдық ұйымдарының көшбасшылары, «Жас Отан» жастар қанаты және «Нұр Отан» партиясының «Жас Ұлан» біріңғай балалар-жасөспірімдер ұйымының өкілі болады.

Бұл мерекеде іштей екі байқау өтті. Сайыстың ашық турында үміткер жасөспірімдер ұйымының еріктілер бағытындағы қоғамдық істерін «Презентация-визитка» арқылы іскерлік қабілетін танытса, «Мен ғаламшар тұрғынымын» деген тақырыпта қатысушылар суырып салма өнерлерін ортаға салды.  

Екі конкурстың қортындысы бойынша бас жүлдені Павлодар ауданы Ямышев мектебінің жас бітімгері Мереке Қажыкенов иеленді. Ал бірінші орынды Баянауыл ауданы Ш.Айманов атындағы мектеп-интернатының оқушысы Альминура Айжановаға, екінші орынды павлодарлық №17 мектептің оқушысы Адель Шариповаға берілді. Үшінші жүлделі орын Қашыр ауданы Байқоныс мектебінің еріктісі Эльнур Бейсембаеваға тағайындалды. Ал қалған қатысушылар байқау-конкурстың лауреаттары атанды. Шараның шеңберінде Біріңғай балалар-жасөспірімдер ұйымының облыстық жобаларының жүлдегерлерін марапаттау өтті.

Әлемдік тәжірибеге сүйенетін болсақ, балалар қозғалысының 100 жылдық тарихы бар. 2011 жылдың 11 ақпанындағы «Нұр Отан» Халықтық демократиялық партияның ХІІІ Съезінде мемлекет басшысы, партия орынбасары Н.Ә. Назарбаев мемлекет жастарының бірігуінің «Жас Ұлан» біртұтас балалар қозғалысын ұйымдастыру арқылы және бастауыш мектеп оқушыларының «Жас Қыран» ұйымын жаңа жүйеде топтастыру керек екенің атап өткен болатын. Бүгінгі күнде Қазақстанда бұл құбылыс қажет, себебі біздің мемлекетте әлі де болса қоғамның қайта құруы мен жаңаруы жүріп жатыр.

Түсініктемелер қосу