Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар16417045
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 10914 20398 69021 16078164 97723 460667 16417045 Сіздің IP: 3.133.97.254
Уақыт: 2025-02-07 18:54:11
|
Ақсу қаласының оқушылары шеберлік сабаққа қатысты
2016 жылдың 27 сәуір күні Павлодар қаласы білім беру басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес Оқушылар сарайы балалар бұқаралық қозғалысын дамыту бөлімінің бастамасымен Ақсу қаласы №8 ЖОББМ-не балалар белсенді мектебінің шығуы ұйымдастырылды. Әдістемелік шеберлік-сабақтар тақырыбы: «Көшбасшының тиімді шеберханасы» деп аталды.
Бұл күні іс-шарада Ақсу қаласының мектеп психологтары, ТЖДО, сынып жетекшілері, БЖҰ координаторлары, «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының көшбасшылары және Ұланбасылары 7 қызықты шеберлік-сабақ көрді. Кездесудің алғы сөзін бөлім меңгерушісі Оксана Петрович алды. Жеті тәжірибелік алаңдар келесі бағыттар бойынша жұмыс жасады: «ТЖДО, тәлімгерлер үшін педагогикалық портал, консультациялық пункті» - әдістемелік көмек көрсету, «Психологиялық қызметтің қабылдауы мен тәсілі- әдістемелік көмек көрсету, «Менің Отаным» - мұражай сабағы, журналистика бағыты бойынша коммуникативтік ойындар,«Сенің әлемің» газетімен танысу және газетке жазылу жұмыстары, «Өлкетану» - Ақсу қаласы туралы викторина және «Тимбилдинг» ойыны, заманауи бидің әдіс-тәсілдері қамтылды. Іс-шара соныңда Ақсу қаласы мектептерінің оқушылары өткізілген шеберлік-сыныптар бойынша пікірлерін айтып, алғыстарын білдірді. Қортындысында «Блейз» үлгілі би студиясының педагогы Екатерина Павленко оқушылармен көңілді флеш-моб көрсетті. Бұл күні іс-шараға 134 адам қатысқан еді. |