Бейнежаңалықтар
Оқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар24591784
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 16682 20795 65098 24318214 375704 527623 24591784 Сіздің IP: 216.73.216.170
Уақыт: 2026-10-31 23:49:59
|
Мамандыққа алғашқы қадам
Әрбір адамзат баласы болашақ мамандығын таңдау кезінде өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйенуі керек. Осы мақсатта ағымдағы жылдың 18 сәуірінде М.М.Катаев атындағы Облыстық оқушылар сарайының балалар қоғамдық қабылдауының бастамасымен «Менің мамандығым - менің болашағым» атты іс-шара өткен болатын. Бұл отырысқа Павлодар қаласының №№5,16, 28, 34 ЖОМ-нен 97 оқушы қатысты. Бұл шараның басты мақсаты мамандық туралы оқушылардың білімдерін кеңейту, қоғамдағы әр-түрлі мамандықтардың түрлеріне шолу. Аталмыш шара барысында мектеп оқушылары өздерінің болашақ мамандықтары жайлы сөз қозғап, мектеп қабырғасын бітіргеннен соң, білім жолына түсіп, болашақ мамандық жолын таңдау туралы пікір-талас ұйымдастырды. Мамандық таңдау барысында «Мен кіммін?», «Осы өмірдегі менің орным қандай?», «Қалай өмір сүремін?», «Мамандық таңдау кезіндегі басты қателіктер қандай?» деген көкейкесті сауалдар талданып, оқушылар ашық сұхбат жүргізе білді. Кездесудің қортындысында оқушылар болашақ мамандық таңдау үшін басты қағидалар мен ережелерді өздері ойлап тауып, шешім шығарды. |














