Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12917710
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
14609
24442
96383
12623686
236163
375712
12917710

Сіздің IP: 18.220.136.165
Уақыт: 2024-04-28 14:20:30

Күлкі керуені көңілді өтті

Күлкі керуені көңілді өтті  Күлкі керуені көңілді өтті
Күлкі керуені көңілді өтті  Күлкі керуені көңілді өтті

М.М.Катаев атындағы Облыстық оқушылар сарайында наурыз айында көңілділер мен тапқырлардың зияткерлік облыстық сайысының финалдық кезеңі өтті. Аталмыш «КВН» ойынына аймағымыздың барлық жасұландықтары қатысты. Тапқырлар сайысына Павлодар ауданы, Май, Лебяжі, Қашыр, Шарбақты аудандарынан және Павлодар қаласының № №16, 17, 25, 26, 28, 33, 35, 38 ЖОББМ-нің командалары қатысты. Облысымыздың әр аймағынан мектеп өміріне байланысты 20 командалар іріктеу кезеңінде бақтарын сынап, 8 команда финалға жетіп, 164 әзілқойлар «КВН» қатысушысы атанды.

Күлкі керуені көңілді өтті  Күлкі керуені көңілді өтті
Күлкі керуені көңілді өтті  Күлкі керуені көңілді өтті

Көңілділер мен тапқырларды сынға алған, қазылар алқасының құрамына қалалық іс-шаралардың жүргізушісі, ҚР-ның «Премьер» лигасының чемпионы Р.Паршутин, ҚР-ның «Жайдарман» лигасының вице-чемпионы А. Кабдильманова, ҚР-ның «Ертіс» лигасының чемпионы М. Дубовцов, М.М.Катаев атындағы Облыстық Оқушылар сарайының «Ориентир» клубының жетекшісі А.Оразбаева, Оқушылар сарайы «Глобус» театр студиясының жетекшісі Ж.Ишимкулов енген еді.

Қазылар алқасының қортындысы бойынша бас жүлдені Красноармейка жалпы орта мектебінің «G7» командасы жеңіп алып «Жайдарлы Жас Ұлан» атағына ие болды. Сахына төрінде тапқырлар өнерін керемет паш еткен Павлодар ауданы, Розовская жалпы орта мектебінің «USB» атты командасы «Жеңіске деген жігері үшін» номинациясына ие болды. Чернорецк ауылынан келген №1 ЖОМ-нен «Әзілкеш» тобы «Ең белсенді топ» номинациясына қол жеткізді. Ал «Үздік музыкалық топ» номинациясына Чернорецк ауылынан келген №2 ЖОМ-нің оқушылары ие болды. «Зангарский позитив» атты Заңғар ЖОМ-нен келген командасы әзілдерін ортаға салып – «Үздік имидж» номинациясы бойынша жүлдеге ие болды. Өздерінің шығармашылық команда атауымен Май ауданынан келген «BlackStar» командасы әзіл-күлкілерін көрсетіп, «Ең көңілді топ» номинациясына ие болды. Павлодар қаласынан келген №35 ЖОМ-нің «КүлкіМедиа» командасы - «Үздік қойылым» номинациясына қол жеткізсе, №26 ЖОМ-нің «Непохожие» командасы - «Жайдарман болашағы» номинациясына ие болып, «Ең үздік әзіл» атты атаққа ие болды. Ал Розовская жалпы орта мектебінен келген ойыншы, команда капитаны Зибрев Данил – ең үздік ойыншы атағына иеленді.

Түсініктемелер қосу