Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар15738333
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 7830 15540 7830 15471449 392696 367126 15738333 Сіздің IP: 3.145.88.155
Уақыт: 2024-12-23 10:18:01
|
Павлодар облысы бойынша «Жас Ұлан» ББЖҰ кеңейтілген үйлестіру кеңесі
2016 жылдың 30 желтоқсан күні «Қазақстан Республикасының еріктілер қызметіндегі құқықтық негіздерді айқындайтын «Еріктілер қызметі туралы» Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев заңға қол қойды. 2017 жылдың 9 ақпан күні М.М. Катаев атындағы Оқушылар сарайында өткізілген Павлодар облысының «Жас Ұлан» ББЖҰ кеңейтілген үйлестіру кеңесі осы тақырыпқа арналған. Еріктілер қызметінің біртұтас жүйесін елдегі құқықтық негізінде жұмыс істеу мақсатында заң жетілдірілді деп балалар мен жасөспірімдер ұйымының өңірлік хатшысы Петрович Оксана Владиславовна атап өтті және кеңестің қатысушыларын заң баптары мен тарауларымен толығырақ таныстырды. Еріктілер қызметінің түрлері мен нысандарын, механизмдерін, қағидаларын, негізгі міндеттері мен мақсаттарын, еріктілер қызметі қатысушыларының құқықтары мен міндеттерін және өзара қарым-қатынасын, еріктілердің есебін қарапайым ретімен құжатта анықталғаны туралы ерекше атап өтілді. Қалалық және аудандық балалар мен жасөспірімдер ұйымының 49 өкілі Павлодар облысының еріктілер қызметінің дамыту бағдарламасын талқылады. Бітімгерлік және еріктілер бағыты барлық балалар ұйымдарының жұмыс басымдылығы болып табылады және оның қызмет белсенділігі үш жыл ішінде құрылған жүйесін айтып кетуге болады. Қазіргі таңда өскелең ұрпақтың оң құнды қондырғыларын тәрбиелеу, бітімгер мен еріктілердің идеяларын жылжытуға бағытталған, өз істері бар мектептерде еріктілер топтардың жұмыс істеу базасы құрылған. Облыстық еріктілер қызметін дамыту бағдарламасына сәйкес кешендік іс-шараға толықтырылған «Үздік Ұлан – Жас бейбітшіл» кешендік жобасының диалогтық алаңдары жұмыстың нәтижесі болды. Аз қамсыздандырылған балалар, жетім балалар, ата-анасының қорғауынсыз қалған балалар, тылда жұмыс істеген адамдар, ҰОС ардагерлері, жалғыз тұратын қарт адамдары және т.б. бағытталған әр түрлі жұмыс формалары кірді. Жас елшілер және еріктілер ең үздік жыл ерікті атағына тартысатын «Үздік Ұлан – Жас бейбітшіл» облыстық байқау сайысында үлкен мереке өткізіледі. «Еріктілер орталығы» бөлімінде және облыстық Балалар орталығы арқылы берілген бағыт бойынша барлық қызметі өткізіліп отырады.
|