Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар16417382
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 11251 20398 69358 16078164 98060 460667 16417382 Сіздің IP: 3.147.63.208
Уақыт: 2025-02-07 19:01:52
|
Оқушыларға қауіпсіздік тәртібі формалары туралы ақпар берілді
Павлодар қаласының 4 педагогы және 76 оқушы үшін 25 қаңтар күні «Өмір жолының қауіпін жеңу» атты тақырыпта Балалар қоғамдық қабылдауы өтті. Іс-шараға Павлодар облыстық ЖИТС-тің алдын алу және күресу жөніңдегі орталығының мамандары қатысты. Жасөспірімдерге нашақорлыққа тәуелді болатын қызықты әрі танымдық бейнероликтер мен танымдық бағдарламалар дайындалды. Қабылдауға келген қонақтар бейәлеуметтік ортада қауіпсіз мінез-құлық үлгілерінің түрлері туралы білді. Оқушылар ЖИТБ-тің алдын-алу, жұқпалы аурудың жолдары жайлы викторинаға белсене қатысты. Бағдарламаның бір бөлігі «ЖИТБ-тің» инфекциясын жұқтырған адамдармен мінез-құлық және қарым-қатынас моделін құру арқылы «Менің әлемім» атты ақпараттық ойын болды. Бұл ойынды Оқушылар сарайының психологы Марина Коржова өткізді. Балалар қоғамдық қабылдауының соныңда «Салауатты өмір салтын қолдаймыз!» және «АИТВ-ЖИТС» жұқпалы аурулары жайлы ақпараттық буклеттер таратылып, осы өзекті мәселемен айналысатын мекемелердің сенім телефондары және мекен-жайлары берілді.
|