Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар24061859
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 8784 20419 8784 23729737 373402 579883 24061859 Сіздің IP: 216.73.216.153
Уақыт: 2026-09-21 10:34:06
|
Махаббат тақырыбы мәңгілік
Рождество мерекесі қарсаңында дәстүрге айналған Оқушылар сарайында әдеби қонақжай өз қонақтарына есігін айқара ашты. Бұл іс-шараны «Рауан» әдеби-шығармашылық студиясының тәрбиеленушілері өткізді. Бұл жолғы мерекенің тақырыбы мәңгілік махаббат еді.
Әдеби-шығармашылық мерекенің бағдарламасында оқушылар әдеби және классикалық шығармаларды орындап, әйгілі музыкалық композиторлардың, әндері мен романстарын орындады. Әдеби қонақжай, «Рауан» әдеби-шығармашылық студиясының әдістемелік авторлық оқу-тәрбие жұмысының қортынды кезеңі болды. Оқушылар кабинетті безендіріп, сценариді жазып, керекті материалдарды өздері тауып алды. Кездесу шеңберінде облыстың мұрағат және құжаттардың, мәдениет басқармасының облыстық әдеби конкурсының қортындысы бойынша басылып шығарылған «Первая книга» және «Волшебные буквы» атты павлодарлық авторлардың жаңа кітаптарының тұсау кесуі өтті. Аталмыш конкурстың жинағына павлодарлық Оқушылар сарайының педагогтары Елены Вайберт пен Марина Юрченконың жұмыстары енді. Мерекеге «Рауан» әдеби-шығармашылық студиясының 34 оқушысы, 6 ата-ана мен денсаулықтарында ақаулықтары бар 2 бала қатысты.
|














