Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар15974134
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 204 5464 21667 15648833 115479 513018 15974134 Сіздің IP: 13.58.252.71
Уақыт: 2025-01-08 00:09:43
|
Мейірімділік жолы. Бейбітшілікті жүрегім арқылы қалаймын
15 қараша күні М.М.Катаев атындағы Балалар бейбітшілік орталығы облыстық Оқушылар сарайында аса білімді қажет ететін балалар үшін шығармашылық күн ұйымдастырып өткізді. Танымдық-сауықтық бағдарламаның атын «Мейірімділік жолы. Бейбітшілікті жүрегім арқылы қалаймын» деп атады. Іс-шара екі бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімі «Макароннан жасалған бұйымдар». Балалар қажет емес заттардан бұйымдар жасады, оларға балалар бейбітшілік орталығының көшбасшылары мен еріктілер көмекке келді. Қарапайым нан-кеспе өнімдерінен және бояумен қылқалам арқылы шыршаға арналған әдемі ойыншықтар және кітапқа жасалған бетбелгілер жасады. Ал кездесудің екінші бөлімінде балалар өздерін әртістер ретінде сомдады. Іс-шаралар мен мерекелерде «тосын-театр» жаңа бағдар болып, өте қызықты болып саналады. Бұндай тосынсый секілді өткізіліп отырған театр, балалар үшін нағыз мереке болады. Қатысушы балаларға бұл жерде болып жатқан дүние тосынсый болып, сонымен қатар ерекше көңіл-күйге ие болады. «Шалқан» ертегісін сомдаған балалардың қуанышында шек болмады. Іс-шараға Облыстық оңалту орталығынан аса білім беруді қажет ететін балалардан 14 оқушы, 8 ересек адам және Бейбітшілік орталығынан 7 өкілдері қатысты. Ұйымдастырушылар аталмыш іс-шараның көмегімен, арнайы балаларға өзара қолдау көрсету және әлеуметтік қоғамға бейімделуге көмектесу, балаларды үйрету, барлық санаттағы балалардың шығармашылық қолдау жасағысы келді. Бұндай іс-шаралар қоғамды төзімділікке және мейірімділікке тәрбиелейді. |