Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар18596479
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 5490 14557 49799 18324797 20047 307313 18596479 Сіздің IP: 216.73.216.237
Уақыт: 2025-08-02 09:31:12
|
«Проба пера-2016» облыстық конкурсының қортындысы
2016 жылы 15 қыркүйектен 5 желтоқсан аралығында Павлодар облысы білім басқармасы мен М.М.Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған «Проба пера-2016» облыстық конкурсын өткізді. Шығармашылық конкурсқа 196 жұмыс қабылданып, оның – 36 жұмысы мемлекеттік тілде, 160 – жұмысы орыс тілінде болды. Бұл жұмыстар №№1, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 14, 16, 17, 19, 21, 22, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 33, 34, 36, 37, 39, 40, 41-ші қала мектеп оқушыларынан болды. Аудан мектептері де әдеби сайыстан тыс қалмады. Баянауыл, Шарбақты, Қашыр, Успен, Ақтоғай, Павлодар ауданы сонымен қатар Экібастұз және Ақсу қалаларынан қатысушылар конкурстың барлық номинацияларына қатысты. Өзінің ақындық және прозалық шығармаларын ИнЕУ-нің, Б.Ахметов атындағы педагогикалық колледжінің, гуманитарлық-педагогикалық колледжінің және техникалық сервис колледжінің студенттері жіберді. Қазылар алқасы «Поэзия» және «Проза» номинациясы бойынша 36 жеңімпазды анықтады. М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайында 2016 жылдың 7-ші желтоқсан күні «Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 қадам» мегафестивалінде, аталмыш конкурстың бірінші орынға ие болған жеңімпаздары марапатталды. Ал екінші және үшінші орынға иеленген жеңімпаздар Оқушылар сарайының кіші залында 12 желтоқсан күні марапатталады. |