Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар15738504
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 8001 15540 8001 15471449 392867 367126 15738504 Сіздің IP: 18.223.159.237
Уақыт: 2024-12-23 10:28:04
|
Психологтарға арналған ең алғашқы облыстық жобасы жоғары бағаға ие болды
24 қараша күні «Психологтарға арналған ең үздік авторлық бағдарлама мен әдістемелік құрал» атты облыстық жобасының финалдық кезеңі Оқушылар сарайында өтті. Оқушылар сарайының сахына төрінен Павлодар, Ақсу қаласы және Екібастұз, Успен және Ертіс аудандарының психологтары өз авторлық жобаларын ұсынды. Бұл сайыстың сарапшылар құрамы Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының, Білім беру және тәрбиені дамыту инновациялық орталығының өкілдері, Павлодар қаласының мектептері жеңімпаздарды анықтады. «Ең үздік авторлық бағдарлама» номинациясы бойынша 1-ші орын Ертіс ауданы Северная жалпы орта білім беру мектебінен Римма Абигузиноваға бұйырса, ал 2-ші орын Павлодар қаласы №20 мектеп-лицейінің психологы Динара Баильдинова иеленді. Аталмыш номинацияда №36 ЖОМ-нің психлогы Оксана Камшук үшінші орынға қол жеткізді. «Ең үздік әдістемелік құрал» атты номинациясы бойынша Данна Нагасимова, Виктория Фольц және Жаңагүл Төлеубаевалар жеңіске жетті. Ақсу қаласы №24 балабақшасынан Данна Юрьевна 1-ші орынға иеленді. Екінші орынға Павлодар қаласы №34 инновациялық типіндегі ЖОМ-нен Виктория Викторовна қол жеткізді. Абай атындағы №10 мектеп-лицейінен Жаңагүл Бағдатқызы өз жұмысы үшін 3-ші орынды жеңіп алды. «Психологтарға арналған ең үздік авторлық бағдарлама мен әдістемелік құрал» атты облыстық жобасында Павлодар облысы білім беру ұйымдарынан 30 психолог қатысты. |