Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар16416755
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 10624 20398 68731 16078164 97433 460667 16416755 Сіздің IP: 18.118.170.186
Уақыт: 2025-02-07 18:48:26
|
Мектеп кітапханасының инновациялық қызметі
М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайында 24 қараша күні «Білім беру барысында ақпараттық қолдау негізінде мектеп кітапханасының инновациялық қызметі» атты мектеп кітапханашыларының облыстық оқыту семинары өтті. «Өрлеу» біліктілікті көтеру Ұлттық орталығы филиалының бапкері, аға оқытушысы Айгуль Ахметниязова ұстаз қызметі әдістемелік сүйемелдеуінің заманауи талаптары туралы баяндап берді. Оқушылар сарайының кітапханашысы Татьяна Суворова білім беру барысында мектептегі кітапханалар ақпараттық құзыреттілік орталықтары екендігін және мектеп кітапханасының мақсаты мен міндеттерін анықтады. Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының ғылыми кітапханасының әдіскері Хадиша Дандыбаева білім беру ұйымдарында «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының құндылығын қалыптасытру және тәрбие жұмысында басты мақсат екеніне тоқталып кетті. Павлодар қаласы химия-биология бағыты бойынша «Назарбаев зиаткерлік мектебінің» оқытушы-кітапханашысы Алеся Гуринова кітапхананың білім беру ортасында ашық кеңістігін қалыптастырудың ролі жайлы ақпар айтты. Екібастұз қаласы №7 мектеп-гимназиясының кітапхана меңгерушісі Светлана Акимова мектеп кітапханасында тақырыптық күндерді өткізу және ұйымдасытру жайлы іс-тәжрибесімен бөлісті. Павлодар қаласы №5 ЖОМ-нің кітапхана меңгерушісі Ольга Ерменкова заманауи білім беру кезеңдерінде бұқаралық іс-шаралардың жаңаша өткізу формалары кең ауқымда паш етті. Семинарда Павлодар, Ақсу қалаларынан және Ертіс, Железин, Лебяжі, Май, Павлодар ауданы, Шарбақты аудандарынан 25 кітапханашы қатысты. Барлық қатысушылар сертификат пен электрондық дискілердегі әдістемелік материалдарға ие болды. |