Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар18614103
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 6526 16588 67423 18324797 37671 307313 18614103 Сіздің IP: 216.73.216.237
Уақыт: 2025-08-03 11:53:10
|
БҰҰ сайтында павлодарлық бітімгершілер туралы ақпарат жарияланады
Балалар бейбітшілік орталығы мен М.М.Катаев атындағы павлодарлық Оқушылар сарайының «Ақ бұлақ» скаут орталығы «Бейбітшілік күні» жобалар конкурсында жеңіске жетті. Конкурс жалпыға ортақ бейбітшілікке бағытталды. Павлодарлық бейбітшілер аталмыш конкурсқа қатысу үшін Халықаралық бейбітшілік күніне арналған бірнеше конкурстарға қатысты. Скаут орталығының жетекшісі Мария Ишмухаметова «Жас Ұлан» балалар-жасөспірімдер бірлестігінің белсенділері үшін «Бітімгерлік-жер шарының тағдырына жауапты» атты тренинг жасады. Өткізілген сабақтың қортындысы бойынша болашақ ұрпаққа «Мейірімділік хаты» жазылды. - Біздің жобамыз өзектілігі мен жаңашылдығы үшін халықаралық сайыста жеңіске жетті, - дейді Бейбітшілік орталығының жетекшісі Самал Сулейменова. –Біз аталмыш сайыста Қазақстаннан жалғыз ғана қатысушылармыз, және біздің жобаларымыз ұрпақ сабақтастығына арналған. Оқушылар сарайының скаут және балалар орталықтарының шығармашылық балалар есебін көп ұзамай БҰҰ-ның Экономикалық және Әлеуметтік ресми сайтында жарияланатын болады. |