Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар22020596
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 9031 10438 49876 21743944 172527 343241 22020596 Сіздің IP: 216.73.216.96
Уақыт: 2026-04-17 20:32:12
|
№ 27-ші мектептің балалары Оқушылар сарайының педагогтарымен танысты
Оқушылар сарайы Павлодар қаласы мектептерімен ынтымақтастықта жұмыс жасаудың қызықты түрлерін атқаруда. Қосымша білім беру педагогтары, шығармашылық клубтар мен студиялардың жетекшілері, оқу жылының ішінде көрсеткіш сабақтармен әр түрлі мектептерге барды. Қыркүйек айының соныңда осындай сабақтар жалғасын тапты. Өзінің шығармашылық алаңдарын Сарайдың педагогтары №27 ЖОМ-де өткізді.
Педагогтардың мектепке баруын ұйымдастырған әдістемелік бөлімнің меңгерушісі Лилия Торощина болды. Педагог Базыл Утилов №27 мектеп оқушыларына КВН ойынының ерекшеліктермен таныстырып шықты. Мектеп оқушылары шығармашылық студияларының жетекшілері Темірлан Аскаусов және Бауыржан Сейталиевпен бірге жүргізушілер ролін ойнап көрді. Светлана Факрудинова оқушылармен бірге «Магнитофон» әрі «Бағдаршам» ойындарын ойнады. «Таңғажайып сандық» атты әдеби-ойын бағдарламасы арқылы Марина Юрченкомен балалар өлең құрастыруды үйренді. Елена Каркавина мен Гүлнар Бектогаеваның сабақтарында балалар қағаз, желім әрі қайшымен жұмыс жасады. Елена Вайберт жоғары сынып оқушыларына мектеп қабырғасында баспасөз-орталығының қызметі жайлы баяндап берді. Ол тілші маманының жұмысымен таныстырып, қоғамдық балалар-жасөспірімдер ұйымының «Твой мир» газетімен жұмыс жасауға шақырды. Психолог Марина Коржова болса жасөспірімдермен сұхбаттасып, қақтығыс жағдайларды шешудің амалдарын ұсынып, мектеп психологына кеңестер берді. Шебер-сыныпқа 150-ден астам оқушылар қатысты. |














