Бейнежаңалықтар
Оқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар24590723
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 15621 20795 64037 24318214 374643 527623 24590723 Сіздің IP: 216.73.216.170
Уақыт: 2026-10-31 22:43:55
|
Оқушылар сарайы ардагер-ұстаздарға өз есігін айқара ашты
Ұлағатты ұстаздарды кәсіби мерекесі қарсаңында жалпы және қосымша білім беру саласында қонаққа шақыру дәстүрге айналған. Ағымдағы жылы бұл дәстүрді М.М. Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайы да қолдады.
Сарайдың педагогтары мен әдіскерлері астрономиялық бөлім, планетарий, «Аталар-ардагерлер, немерелер-іззерттегіштер» атты мұражайымен, Оқушылар сарайының тарихымен, Павлодар облысының қосымша білім берудегі басты ордасының жаңа мүмкіндіктерімен таныстырып шықты. Жас буынға білім беру үрдісіңде Оқушылар сарайының заманауи мүмкіндіктерге ардагер-ұстаздар таң қалды. Оларға бүгінгі оқушы, ертеңгі болашақ ғалым болатын планеталар мен жұлдыздарды бақылай алатын жаңа телескоптарды көрсетті. Қонақтар мұражайда Ұлы Отан соғысы жылдарыңдағы бағалы экспонаттармен танысып, сұрапыл соғыстың жылдарына деген аса құрметті байқады. - Бүгін біздің білім ордамызда тамаша кездесу, - деді мерекелік бағдарламаны жүргізуші Марина Билая, - қонақтарымыз да ерекше, өйткені олар, Павлодар облысының білім саласына басты стратегиялық баға жетпес үлестерін қосқан, өз ісінің маманы, тәжрибелі, ұлағатты ұстаз атағына ие жандар.
|














