Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар15735778
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 5275 15540 5275 15471449 390141 367126 15735778 Сіздің IP: 18.218.5.216
Уақыт: 2024-12-23 06:43:32
|
Оқушылар сарайы осы оқу жылында 17 облыстық жоба өткізуді жоспарлап отыр
2016 жылдың 22 қыркүйегінде «Оқушылар сарайы мен Павлодар облысының білім беру мекемелерінің бейімділік жүйесінің қарым-қатынасы» тақырыбында облыстық семинар өтті. Оқушылар сарайының кіші залында қалалық және аудандық білім бөлімдерінің тәрбие жұмысы бойынша мамандары, қосымша білім беру ұйымдарының басшылары, Павлодар қаласы мектептерінің тәрбие жұмысы бойынша директор орынбасарлары жиналды. Әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Лилия Торощина 2015-2016 оқу жылына Оқушылар сарайының облыстық білім мекемелерінің бірлескен өнімді жұмысын сөз етті. 2015-2016 оқу жылында М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайында өткен конкурстар мен жобаларда белсенді қатысқан Павлодар, Ақсу, Екібастұз, Железин, Ақтоғай, Павлодар ауданы, Ертіс ауданы мен Шарбақты аудандарының білім ұйымдары алғыс хаттармен марапатталды. Оқушылар сарайы атынан «Жігер» балалар жасөспірімдер клубының ұжымы, Павлодарлық қызмет көрсету колледжі, Павлодар қаласының №1 және №2 балалар көркем сурет мектебі, Құрманғазы атындағы №1 музыка мектебі, Екібастұз қаласы «Қайнар» білім беру және бос уақытты қамту кешендері алғысқа ие болды. Оқушылар сарайында жаз маусымында жазғы демалысқа белсенді қатысқан мектептер де алғыс хаттарға ие болды. Семинар қатысушыларына жоспарланып отырған облыстық жобалар мен конкурстар слайд-шоу ақпараты арқылы көрсетілді, оның ішінде дәстүрге айналған «Проба пера», «Золотой микрофон», «Подиум» және тағы да басқа жобалар бар. Семинар қатысушылары «Ең үздік авторлық бағдарлама және психологтың әдістемелік құралы» және «Юниор-экспресс» пилоттық жобалар туралы хабар алды. Іс-шарада серіктестіктің жаңа формалары ұсынды. Оқушылар сарайының баспасөз қызметінің өкілдері Асем Аипова мен Варвара Даирбаева «Твой мир» облыстық балалар-жасөспірімдер газетіне жазылу үшін білім ұйымдарымен екі жақтық келісім шартқа отыруға ұсыныстарын білдірді. Ағымдағы жылы Оқушылар сарайы өз ішінде шағын-жобасы мен конкурстары бар 17 облыстық жоба, психологтар, аға тәлімгерлер, тәрбие ісінің аудандық және қалалық білім бөлімдерінің мамандарына 10 облыстық семинар өткізуді жоспарлап отыр. Семинар аясында Оқушылар сарайының әдіскері Вера Шакиримованың «Пионер қатарынан «Жас Ұланға» атты кітабының тұсау кесері өтті. Семинарда 79 тыңдаушылар болды.
|