Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

14590871
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
5437
11064
77988
14235361
65767
356704
14590871

Сіздің IP: 18.220.152.139
Уақыт: 2024-10-06 14:38:36

Республикалық Құрылтайдың қатысушылары Оқушылар сарайының мүмкіндіктеріне таң қалды

Участники Республиканского Курултая  удивлены возможностями  Дворца школьников Участники Республиканского Курултая удивлены возможностями Дворца школьников
Участники Республиканского Курултая  удивлены возможностями  Дворца школьников Участники Республиканского Курултая удивлены возможностями Дворца школьников

19 тамыз күні Оқушылар сарайында аймақтық «Жас Ұлан» ББЖҰ-ның атқарушы хатшыларының қатысумен Республикалық Құрылтай өтті. Делегация қатысушыларына Оқушылар сарайының әдіскері Әсем Аипова танымдық экскурсия жүргізді.

Қонақтар Оқушылар сарайының «Аталар-ардагерлер, немерелер-іззерттегіштер» және «Пионерлер қатарынан – Жас Ұланға дейін» атты мұражайларында болып, экологиялық зертханасының үй жануарларын бақылап, Тұңғыш Президенттің кабинетімен танысып, әдістемелік кітапханада болып қайтты. Атқарушы хатшылар Оқушылар сарайының обсерваториясы мен планетариін тамашалап, «Луч» шығармашылық бірлесігінде болды.

Балалардың бұқаралық қозғалысын дамыту бөлімінің әдіскерлері өз тәжірибелерінің келесі жұмыс бағыттарымен бөлісті: олар, патриоттық, журналисттік, құқықтық, бітімгерлік, туристтік. Сонымен қатар Павлодарлық «Жас Ұлан» штабы өзінің тың жұмыстарымен бөлісті.

Қатысушылар Құрылтай барысында бірегей медиа-форум өткізу туралы ұсыныс білдірді. Жуық арада осы бағыт бойынша жұмыс басталады.

 

Түсініктемелер қосу