Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар15734419
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 3916 15540 3916 15471449 388782 367126 15734419 Сіздің IP: 3.148.112.15
Уақыт: 2024-12-23 05:15:46
|
«Балалар әлемі» мектепалды лагері жұмысын бастады
М.Катаев атындағы Оқушылар сарайында 2 маусымнан бастап «Балалар әлемі» балалар мектепалды лагері жұмысын бастады. Лагерь жұмысы әр түрлі шығармашылық алаңдарды қамтитын төрт станциядан тұрды. «Әдемі-ай» станциясы «Қолданбалы өнер», «Таңғажайып пленер», «Палитра» және «Сыр сандық» деп аталатын төрт шығармашылық алаңдардан тұрды. «Техноград» станциясында «Балалар баспасөз орталығы» және «Тележурналистика» алаңдарында балалар журналистикамен танысып, «Құрастырушы», «Шебершілер» алаңдарында шеберлікке үйренді. «Арт-әлемі» станциясы «Жаз ырғақтары», «Теремок», «Саз керуен» атты төрт шығармашылық алаңдардан құралды. Бұл жерде оқушылар би билеп, ән айтып, актерлік шеберлікке үйреніп, ұлттық аспаптарда ойнайды. «Алтыбақан» станциясы – ойын станциясы, бұл жерде балалар коммуникативтік, спорттық және ұлттық ойындар ойнап,квест ойындардан өтті. Бұл жерде «Достық», «Толағай», «Ойын алаңы» және «Бәйге» шығармашылық алаңдары бар. 2 маусым, лагердің бірінші жұмыс күні Оқушылар сарайына қала мектептерінен 774 оқушы қадам басты. Шығармашылық алаңдарда 351 бала және «Тамаша көңіл-күйдің мерекесі» атты ойын-сайыс бағдарламасында 385 оқушы болды. «Жарық жұлдыз» және «Ақбұлақ» экскурсиялық-танымдық бағдарламасында «Аталар-ардагерлер, немерелер-іззерттегіштер» және «Пионерлер қатарынан ЖасҰланға дейін» атты мұражайларында 38 бала болып, тамашалады. 3 маусым күні Оқушылар сарайында қала мектептерінен 404 оқушы болды. Шығармашылық алаңдарда 348 оқушы және Оқушылар сарайының мұражайында 56 бала болып қайтты. Биылғы жылы ең алғаш рет мемлекеттік тілде жұмыс жасайтын станциялар пайда болды. Бірінші жұмыс күні №37 ЖОМ-нен 93 оқушы және №22 ЖОМ-нен 44 оқушы қатысты. Лагердің бірінші жұмыс аптасында, 2-3 маусым күндерімен қоса, қала мектептерінен 1178 оқушы болды. |