Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12859420
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
4254
9603
38093
12623686
177873
375712
12859420

Сіздің IP: 3.16.212.99
Уақыт: 2024-04-25 21:53:20

Өмір бойы күлкімен

С юмором по жизни С юмором по жизни
С юмором по жизни С юмором по жизни

Жастар арасындағы әзіл қазіргі таңда сәнді әрі заманауи болып есептеледі. Жиналған қауымды күлдіріп, әзіл-сықақ ұйымдастыру үшін М.Катаев атындағы Облыстық оқушылар сарайында КВН командалары жиналды. Ақпан айында Қазақстан Республикасының 25-жылдығына арналған жасұландықтар арасында КВН өтті.  Аталмыш ойын «КВН-мен өмір бойы» атты ұранымен өтті.

№9 мектеп-гимназиясының, №36 ЖББМ, №17 ЖББМ, №34 ЖББМ-нің мектеп жасұландықтары «ЖайдарлыЖасҰлан» атты кубогі үшін жарысқа түсті. «Три в квадрате», «Ничего хорошего», «Инь-Янь», «KingsofPavlodar» - деген қызықты команда атаулары болды.  Бұл ойын «Таныстыру», «Биатлон», «Музыкалық үй тапсырмасы» деген КВН-нің дәстүрлі конкурстарымен жалғасын тапты.

С юмором по жизни С юмором по жизни
 

Ойынның әрбір кезеңін Павлодар қаласының жоғарғы КВН өкілдері, Оқушылар сарайының педагогтері, КВН-нің аймақтық лигасының чемпионы  Михаил Дубцов бағалады. Ойынның қортындысы бойынша қазылар алқасы жүлделерді келесідей етіп тағайындады.

«Ең үздік музыкалық номер» номинациясында №9 мектеп-гимназиясының командасы жеңіп алды. №36 ЖББМ-нің «Ничего хорошего» атты командасы «За волю к победе» номинациясында сертификаттарға ие болды.  «КВН үміті» №34 ЖББМ-нің  «KingsofPavlodar» командасына тиесілі болды. №17 ЖББМ-нің «Инь-Янь» командасы қазылар алқасының жеңімпаз дипломына ие болды. «Инь-Янь» тобының мүшесі Адель Шарипова «Ең үздік» ойыншы атты номинациясына қолын жеткізді.

Түсініктемелер қосу