Мы в соцсетяхАнтикоррупционная службаДворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения17660146
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 1923 14147 71796 17356200 111625 468472 17660146 Ваш IP: 18.118.193.52
Время: 2025-05-10 02:26:11
|
Өмір бойы күлкімен
Жастар арасындағы әзіл қазіргі таңда сәнді әрі заманауи болып есептеледі. Жиналған қауымды күлдіріп, әзіл-сықақ ұйымдастыру үшін М.Катаев атындағы Облыстық оқушылар сарайында КВН командалары жиналды. Ақпан айында Қазақстан Республикасының 25-жылдығына арналған жасұландықтар арасында КВН өтті. Аталмыш ойын «КВН-мен өмір бойы» атты ұранымен өтті. №9 мектеп-гимназиясының, №36 ЖББМ, №17 ЖББМ, №34 ЖББМ-нің мектеп жасұландықтары «ЖайдарлыЖасҰлан» атты кубогі үшін жарысқа түсті. «Три в квадрате», «Ничего хорошего», «Инь-Янь», «KingsofPavlodar» - деген қызықты команда атаулары болды. Бұл ойын «Таныстыру», «Биатлон», «Музыкалық үй тапсырмасы» деген КВН-нің дәстүрлі конкурстарымен жалғасын тапты.
Ойынның әрбір кезеңін Павлодар қаласының жоғарғы КВН өкілдері, Оқушылар сарайының педагогтері, КВН-нің аймақтық лигасының чемпионы Михаил Дубцов бағалады. Ойынның қортындысы бойынша қазылар алқасы жүлделерді келесідей етіп тағайындады. «Ең үздік музыкалық номер» номинациясында №9 мектеп-гимназиясының командасы жеңіп алды. №36 ЖББМ-нің «Ничего хорошего» атты командасы «За волю к победе» номинациясында сертификаттарға ие болды. «КВН үміті» №34 ЖББМ-нің «KingsofPavlodar» командасына тиесілі болды. №17 ЖББМ-нің «Инь-Янь» командасы қазылар алқасының жеңімпаз дипломына ие болды. «Инь-Янь» тобының мүшесі Адель Шарипова «Ең үздік» ойыншы атты номинациясына қолын жеткізді. |