Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

14171762
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
3362
3330
45880
13886214
3362
302882
14171762

Сіздің IP: 3.145.68.182
Уақыт: 2024-09-01 08:24:21

XІІІ облыстық «Хрустальный звон-2011» ашық эстрада әндері жас орындаушылар конкурсының ережесі

Қазақстан Республикасының 20 жылдығына арналған

XІІІ облыстық «Хрустальный звон-2011» ашық эстрада әндері жас орындаушылар конкурсының

ЕРЕЖЕСІ

  1. Конкурстың мақсаты: жас дарындарды анықтау,олардың шығармашылық дамуына, кәсіби шеберлігіне жағдай туғызу, эстрадалық өнерді насихаттау, әсемдік сезімін тәрбиелеу.

  2. Құрылтайшылар - Павлодар облысының білім беру басқармасы және Павлодар облысының ішкі саясат басқармасы.

Бас ұйымдастырушылар – М. М. Катаев атындағы Оқушылар сарайы, Қазақстан халықтарының Кіші Ассамблеясы, Қазақстандағы скаут қозғалысының ұйымы, Раиса сән театры.

  1. Қазылар алқасының бағасы мына критерийлерден тұрады:

Ән: әннің әуені мәнерлі, бейнелі,айқынды болуы, қатысушының вокалдық мүмкіндіктеріне және диапазонына сәйкестігі. Ол есте сақталып, мейірімді, жарқын сезімдер туғызуы қажет.

Сөзі: ән мәтінінің бейнелі, өзіндік ерекшелігі болуға тиіс және орындаушының дүниеге деген көзқарасына сәйкестігі.

Әрлеу: дыбыстау сапасы, әндік бейнесі жағынан ұсынылған фонограммалар кәсіби шеберлікпен орындалу керек.

Орындау: қатысушының вокалдық қабілеттері, әннің орындаушының жас шамасына, дауысына сәйкестігі, әртістік шеберлігі, сахналық іске асырылуы, костюмі т.б. бағаланады.

  1. Конкурсқа қатысуға аудандық, қалалық конкурстардың жүлдегерлері шақырылады.

  2. Конкурсқа қатысу:

- солистер

- кіші формалары (дуэт, трио)

Конкурста 2 ән орындалады: біреуі патриоттық тақырыпқа (Отанды, туған елді, туған қаланы сүю т.т.б.) арналған, екіншісі – еркін тақырып. Әр әннің орындалу уақыты 4 минуттан аспауы қажет. Аккомпанементтің әрлеуі кәсіби студияда кәсіби музыканттармен жасалуға тиіс.

Аспаптық «–1» фонограммасы мини-дискіде немесе CD-дискіде, бэк-вокал алдын ала жазылуға тиіс.

  1. Қатысушылардың жасы 12-ден 22-ге дейін.

Жеңімпаздар жасына қарай екі топта анықталады:

12 жастан 16 жасқа дейін;

17 жастан 22 жасқа дейін.

  1. Конкурс үш негізгі кезеңнен тұрады:
  • Өтініштер 2011 жылғы 14 сәуірге дейін қабылданады.
  • 2011 жылғы наурыз айының 1-нен 14-сәуірге дейін алдын ала тындау өтеді (тындау кезінде финалға қатысатындардың саны 24-тен артық болмауға тиіс)

  • Аяқталу кезеңі (финал) Павлодар қаласында

  • М.М. Катаев атындағы Оқушылар сарайында 22,23 сәуірде өтеді.

8. Талапкерлер тапсырыс береді, мини-дискіде немесе CD-дискіде жазылған 2-3 онограмма жібереді (караоке фонограммалары қолданылмайды).

Тапсырыста көрсетіледі:

    • қатысушының тегі,аты-жөні, туған жылы

    • жұмыс, оқу орны.

    • барлығы үшін - толық пошта мекенжайы, қатынас телефоны

- шығармашылық өмірбаяны.

9.Финалға қатысушылар бір жолғы кіру жарнамасын –3000 (үш мың) теңге тапсырады.

10. Конкурсқа қатысушылар өздерінің аудио- бейнеге жазылғандарын ұйымдастырушыларға толық пайдалануға беруге құқылы.

11 Финалға қатысатын талапкерлердің жол ақысын, тұратын жерін және тамақтануын өзі немесе іссапарға жіберуші ұйымдардың демеушілері көтереді.

  1. Талапкерлерді жоғары деңгейлі кәсіби мамандардан тұратын қазылар алқасы бағалайды. Оның құрамын ұйымдастырушылар анықтайды.

  2. Қазылар алқасы жас мөлшеріне қарай әр топқа Гран – при, I, II, III орындар, арнайы жүлделер мен сыйлықтар белгілейді.

Өтініштер мен материалдар мына мекенжайға жіберіледі:

140000

Павлодар қаласы,

1 Май көшесі, 27 үй

Оқушылар сарайы, директорға

Тел/факс: 32-85-11
 
Анықтама телефондары: 32-85-11, 32-85-26, 32-85-08