XІІІ облыстық «Хрустальный звон-2011» ашық эстрада әндері жас орындаушылар конкурсының ережесі
- Подробности
-
Категория: Конкурсы и выставки. Архив
-
Опубликовано 31.10.2013 08:38
Қазақстан Республикасының 20 жылдығына арналған
XІІІ облыстық «Хрустальный звон-2011» ашық эстрада әндері жас орындаушылар конкурсының
ЕРЕЖЕСІ
-
Конкурстың мақсаты: жас дарындарды анықтау,олардың шығармашылық дамуына, кәсіби шеберлігіне жағдай туғызу, эстрадалық өнерді насихаттау, әсемдік сезімін тәрбиелеу.
-
Құрылтайшылар - Павлодар облысының білім беру басқармасы және Павлодар облысының ішкі саясат басқармасы.
-
Бас ұйымдастырушылар – М. М. Катаев атындағы Оқушылар сарайы, Қазақстан халықтарының Кіші Ассамблеясы, Қазақстандағы скаут қозғалысының ұйымы, Раиса сән театры.
-
Қазылар алқасының бағасы мына критерийлерден тұрады:
-
Ән: әннің әуені мәнерлі, бейнелі,айқынды болуы, қатысушының вокалдық мүмкіндіктеріне және диапазонына сәйкестігі. Ол есте сақталып, мейірімді, жарқын сезімдер туғызуы қажет.
-
Сөзі: ән мәтінінің бейнелі, өзіндік ерекшелігі болуға тиіс және орындаушының дүниеге деген көзқарасына сәйкестігі.
-
Әрлеу: дыбыстау сапасы, әндік бейнесі жағынан ұсынылған фонограммалар кәсіби шеберлікпен орындалу керек.
-
Орындау: қатысушының вокалдық қабілеттері, әннің орындаушының жас шамасына, дауысына сәйкестігі, әртістік шеберлігі, сахналық іске асырылуы, костюмі т.б. бағаланады.
-
Конкурсқа қатысуға аудандық, қалалық конкурстардың жүлдегерлері шақырылады.
-
Конкурсқа қатысу:
-
- солистер
- кіші формалары (дуэт, трио)
Конкурста 2 ән орындалады: біреуі патриоттық тақырыпқа (Отанды, туған елді, туған қаланы сүю т.т.б.) арналған, екіншісі – еркін тақырып. Әр әннің орындалу уақыты 4 минуттан аспауы қажет. Аккомпанементтің әрлеуі кәсіби студияда кәсіби музыканттармен жасалуға тиіс.
Аспаптық «–1» фонограммасы мини-дискіде немесе CD-дискіде, бэк-вокал алдын ала жазылуға тиіс.
-
Қатысушылардың жасы 12-ден 22-ге дейін.
-
Жеңімпаздар жасына қарай екі топта анықталады:
-
12 жастан 16 жасқа дейін;
-
17 жастан 22 жасқа дейін.
- Конкурс үш негізгі кезеңнен тұрады:
- Өтініштер 2011 жылғы 14 сәуірге дейін қабылданады.
-
2011 жылғы наурыз айының 1-нен 14-сәуірге дейін алдын ала тындау өтеді (тындау кезінде финалға қатысатындардың саны 24-тен артық болмауға тиіс)
-
Аяқталу кезеңі (финал) Павлодар қаласында
-
М.М. Катаев атындағы Оқушылар сарайында 22,23 сәуірде өтеді.
8. Талапкерлер тапсырыс береді, мини-дискіде немесе CD-дискіде жазылған 2-3 онограмма жібереді (караоке фонограммалары қолданылмайды).
Тапсырыста көрсетіледі:
-
-
қатысушының тегі,аты-жөні, туған жылы
-
жұмыс, оқу орны.
-
барлығы үшін - толық пошта мекенжайы, қатынас телефоны
- шығармашылық өмірбаяны.
-
9.Финалға қатысушылар бір жолғы кіру жарнамасын –3000 (үш мың) теңге тапсырады.
-
10. Конкурсқа қатысушылар өздерінің аудио- бейнеге жазылғандарын ұйымдастырушыларға толық пайдалануға беруге құқылы.
-
11 Финалға қатысатын талапкерлердің жол ақысын, тұратын жерін және тамақтануын өзі немесе іссапарға жіберуші ұйымдардың демеушілері көтереді.
-
Талапкерлерді жоғары деңгейлі кәсіби мамандардан тұратын қазылар алқасы бағалайды. Оның құрамын ұйымдастырушылар анықтайды.
-
Қазылар алқасы жас мөлшеріне қарай әр топқа Гран – при, I, II, III орындар, арнайы жүлделер мен сыйлықтар белгілейді.
- Өтініштер мен материалдар мына мекенжайға жіберіледі:
140000
Павлодар қаласы,
- 1 Май көшесі, 27 үй
Оқушылар сарайы, директорға
- Тел/факс: 32-85-11
-
- Анықтама телефондары: 32-85-11, 32-85-26, 32-85-08