Мы в соцсетях 

 facebook ok vk youtube

Антикоррупционная служба 

Колл центр 1424

Дворец школьников 

Облако тегов 

Наши посещения 

12802390
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В этом месяце
За прошлый месяц
За все дни
5316
6835
22462
12574557
120843
375712
12802390

Ваш IP: 3.144.187.103
Время: 2024-04-18 22:46:10

«2014 жылдың үздік мұғалімі»

«2014 жылдың үздік мұғалімі» «2014 жылдың үздік мұғалімі»

2014 жылдың 2 қазаны күні Астана қаласының Тәуелсіздік сарайында «2014 жылдың үздік мұғалімі» сайысының марапаттау салтанаты өтті. Ұстаздар күніне орай ұйымдастырылған мерекелік іс-шараны ҚР Білім және ғылым министрі Сәрінжіпов Аслан Бәкенұлы ашты.

Өз сөзінде ұстаздардың мәртебесін көтеру қазіргі қоғамның басты мақсаты дегенді ерекше атап өтті. Соңынан Республика бойынша үздік атанған 48 ұстазды марапаттады. Жыл бойы сынға түсіп, қажырлы еңбегінің шын бағасын алған мұғалімдердің арасында төрт павлодарлық бар: Павлодар қаласы, №39 ЖОББМ география мұғалімі - Жұмабаева Асия Камалиденовна; Павлодар қаласы дарынды балаларға арналған №3 гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі - Темирбаева Динара Дюсенбиевна; Ақсу қаласы дарынды балаларға арналған арнайы гимназияның математика мен физика пәні мұғалімі - Кабылбекова Алмагуль Серикбаевна және Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжінің ағылшын тілі пәнінің оқытушысы - Ахметова Гульмира Кабатаевна.

«2014 жылдың үздік мұғалімі» «2014 жылдың үздік мұғалімі»

 

Жеңімпаздарға «2014 жылдың үздік педагогі» төс белгісі мен 1 млн. 852 мың теңге мөлшерінде сыйақы берілді. Сонымен қатар көп жылдарын ұстаздыққа арнаған жандар да ескерусіз қалмады. Біздің облысымыздан Култуманов Толеген Тусупович Еңбек ардагері медалімен марапатталды. Салтанатты жиын соңы мерекелік концертке ұласты.

Добавить комментарий