Мы в соцсетяхАнтикоррупционная службаДворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения17995913
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 2854 15121 2854 17739482 107351 340041 17995913 Ваш IP: 216.73.216.193
Время: 2025-06-09 06:20:28
|
Оқушылар сарайының тәрбиеленушілері латын әліпбиін зерделеді
М.М. Катаев атындағы Облыстық Оқушылар сарайында жұма сайын «Рухани жаңғыру» кабинетінде латын графикасына байланысты сабақтар өткізіліп келеді. Ағымдағы жылдың 13 наурызында «Қазақша сөйлейік» тіл үйірмесінің тәрбиеленушілері үшін «Латын әліпбиімен танысайық!» атты қызықты сабақ өткізілді. Үйірме жетекшісі Сайран Ахантаева тәрбиеленушілерге өлкеміздің мақтанышына айналған ұлы тұлғалар, көпшілікке танымал болған жерлестеріміз жөнінде құнды ақпарат берді. Сонымен қатар тіл мәселесіне байланысты қазақ әліпбиінің тарихы, Елбасы бекіткен жаңа латын қаріптері туралы мәліметтермен таныстырып шықты. Сайран Болатқызы тәрбиелік мәні зор Ы. Алтынсаринның «Жаман жолдас» әңгімесі бойынша мәтінмен жұмыс жасады. Оқушылар мәтіннен негізгі сөздерді теріп, латын әріптерімен тақтаға жазуды үйреніп, өздерін тексеріп, сөздерді дұрыс оқи алатындарына көздерін жеткізді. Оқушылар сөздік қорын байытуға бағытталған «Шаршы» ойынын латынша қаріптермен жазып, ойын ойнады. Сабақтың соныңда латын әріптерімен жазылған тәрбиелік мәні зор мақал-мәтелдерді оқып, ал кейбір тәрбиеленушілер мақалдарды жаттап алды. - Бұл өткізілген сабақта балалар латын графикасының ағылшын тіліне ұқсастығын байқады. Кейбір балалар қайта шабыттанып, белсенділік танытты. Қосарлы «я» , «ю» дыбыстарына байланысты сұрақтар қойды, – деді үйірме жетекшісі Сайран Ахантаева. |