Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар22094655
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 2634 8144 51106 21814478 246586 343241 22094655 Сіздің IP: 216.73.217.65
Уақыт: 2026-04-25 04:17:16
|
Оқушылар сарайының тәрбиеленушілері латын әліпбиін зерделеді
М.М. Катаев атындағы Облыстық Оқушылар сарайында жұма сайын «Рухани жаңғыру» кабинетінде латын графикасына байланысты сабақтар өткізіліп келеді. Ағымдағы жылдың 13 наурызында «Қазақша сөйлейік» тіл үйірмесінің тәрбиеленушілері үшін «Латын әліпбиімен танысайық!» атты қызықты сабақ өткізілді. Үйірме жетекшісі Сайран Ахантаева тәрбиеленушілерге өлкеміздің мақтанышына айналған ұлы тұлғалар, көпшілікке танымал болған жерлестеріміз жөнінде құнды ақпарат берді. Сонымен қатар тіл мәселесіне байланысты қазақ әліпбиінің тарихы, Елбасы бекіткен жаңа латын қаріптері туралы мәліметтермен таныстырып шықты. Сайран Болатқызы тәрбиелік мәні зор Ы. Алтынсаринның «Жаман жолдас» әңгімесі бойынша мәтінмен жұмыс жасады. Оқушылар мәтіннен негізгі сөздерді теріп, латын әріптерімен тақтаға жазуды үйреніп, өздерін тексеріп, сөздерді дұрыс оқи алатындарына көздерін жеткізді. Оқушылар сөздік қорын байытуға бағытталған «Шаршы» ойынын латынша қаріптермен жазып, ойын ойнады. Сабақтың соныңда латын әріптерімен жазылған тәрбиелік мәні зор мақал-мәтелдерді оқып, ал кейбір тәрбиеленушілер мақалдарды жаттап алды. - Бұл өткізілген сабақта балалар латын графикасының ағылшын тіліне ұқсастығын байқады. Кейбір балалар қайта шабыттанып, белсенділік танытты. Қосарлы «я» , «ю» дыбыстарына байланысты сұрақтар қойды, – деді үйірме жетекшісі Сайран Ахантаева. |














