Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар15088658
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 2110 8541 50707 14727551 110147 453407 15088658 Сіздің IP: 18.225.98.100
Уақыт: 2024-11-09 07:21:11
|
Облыс мектеп психологтарының бірінші ғылыми-тәжірибелік конференциясы
28 сәуір күні Оқушылар сарайы әдістемелік бөлімінің ұйымдастыруымен, «Психологиялық қызмет: өзекті мәселелері және келешекте дамуы» бірінші ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткізілді. Павлодар және Ақсу қалаларынан, Шарбақты, Ертіс, Лебяжі, Қашыр, Железин, Ақтоғай және Павлодар аудандарынан 60-тан аса психологтар қатысты. Конференцияда психологиялық қызмет көрсетудің қарама-қайшылықтары мен келешегі, оның мектепте денсаулық сақтаушы ортаны жасаудағы рөлі туралы кәсіби диалог өтті. Жастар субмәдениетінің пайда болуының себептері, жасөспірімдердің тұлғасын қалыптастыруда Интернет пен отбасылық тәрбиелеудің әсері жайлы мәселелер қозғалды. Бірегей әдістемелер мен инновациялық технологиялар бойынша шеберлік сабақтары сұранысқа ие болды. Конференцияда Күлшарипова Зару Қасымқызы – ПМПИ психология кафедрасының доценті, Ксембаева Сәуле Камалиденқызы – п.ғ.к., С. Торайғыров ат. ПМУ профессоры, Матаев Берік Айтбайұлы ПМПИ аға оқытушысы және қала мен облыс мектептерінің 13 мектеп психологы сөз сөйледі. Қосымша білім беру ұйымдары мен ЖОО-ның, мектеп психологтары үшін бірыңғай әдістемелік орталықты құру туралы бастамасымен, ПМПИ психология кафедрасының доценті З.К. Күлшарипова сөз сөйледі. Оның бастамасын қатысушылар қолдады. Психологтар ұйымдастырушыларға алғыстарын жеткізіп, ғылыми-тәжірибелік конференцияның жыл сайын өткізілуі туралы тілектерін білдірді. |