Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар21249790
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 8558 18450 68012 20929318 175317 408197 21249790 Сіздің IP: 216.73.216.6
Уақыт: 2026-02-13 10:51:46
|
Әр кезеңдегі туындылар
13-ші ақпан күні Оқушылар сарайының «Рауан» әдеби-шығармашылық студиясының тәрбиеленушілері мен балалар баспасөз орталығының оқушылары «А. Барто - всем детям ровесница» атты Халықаралық оқушылардың шығармашылық конкурсының жеңімпаздарын марапаттау салтанатына қатысты. 17 ақпан күні балалар жазушысы 110-шы мерейтойын тойлайды. Аталмыш жарысқа (өлеңдер,эссе,суреттер) Павлодар, Ақмола, Новосібір, Алматы қаласынан, Омбы қаласымен, тіпті Мюнхен қаласынан 500 жұмыс қабылданды. Оқушылар сарайының балалар баспасөз-орталығының тәрбиеленушісі (жетекшісі:Вайберт Елена Валентиновна), Маша Шорина (1 орын) және «Рауан» әдеби-шығармашылық студиясының тәрбиеленушісі (жетекшісі: Юрченко М. В.) Мадьян Акул (1 орын), Карина Коваленко (2 орын), Даниил Ким (3 орын) және Али Акул (3 орынға) жеңімпаздар атанды.
Жеңімпаздар сахына төрінен өз туындыларын оқыды. Жас өлең шеберлерін атақты павлодарлық ақындар Ольга Николаевна Григорьева және Елена Юрьевна Игнатовская марапаттады. «Рауан» әдеби-шығармашылық студиясының тәрбиеленушілері халықаралық конкурсынан 26 сертификатқа ие болды. Мереке қатысушыларына Агния Львовнаның өмірбаяны туралы, қызметі жайлы ақпар берілді. Біздің үйірмешілер Халықаралық кітаптар күні қарсаңында Славян орталығының жастар қанаты Достық үйінде «Буккроссинг» атты тамаша акцияға қатысты. Олар тамаша кітаптарды сыйлыққа алды. |














