Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар23043030
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 9135 11064 9135 22805610 257278 270568 23043030 Сіздің IP: 216.73.216.228
Уақыт: 2026-07-27 17:44:01
|
Балаларға көмек
Қаңтар айында Оқушылар сарайының Балалар қоғамдық қабылдауы Павлодар қаласының 11 мектебінің 150 оқушысы мен ұстаздарына «Арамыздағы қауіп-қатер» және «Мен өмірді таңдаймын» атты тақырыбына отырыстар өткізді. Аталмыш отырысқа Павлодар облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының маманы Берікбол Сейеукенов және облыстық Спид орталығының дәрігері Капат Сакенов шақырылды. Берікбол Серікбайұлы психотроптық заттарды қолданудың салдары туралы лекция оқыды. Қапат Кәрімұлы тыңдармандарға «Мен өмірді таңдаймын» атты тақырыбында баяндама жасады. Тыңдармандар қонақтардың баяндамаларын мазмұнды бейнероликтер және презентациялармен тамашаланды. Отырыс тыңдармандары өз мектептерінің басқа оқушыларымен алған білімдерімен бөлісу үшін ақпараттық бүктемелерді алды. Оқушылар сарайының психологы Марина Коржова жиналғандарға тренинг жүргізді. Қатысушы балалар қоршаған ортадағы жағдайларға басқаша көзқараспен қарап және одан шығудың амалдарын қарастырды.
|














