Мы в соцсетяхАнтикоррупционная службаДворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения15985261
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 11331 5464 32794 15648833 126606 513018 15985261 Ваш IP: 3.144.16.40
Время: 2025-01-08 21:40:49
|
Тәуелсіздік нышандары
2015 жылғы желтоқсанның 7-18 аралығында М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайында мемлекеттік рәміздерді насихаттау және қолдау бағдарламасы аясында тіл және әдебиет бағытындағы үйірмелер тәрбиеленушілері үшін «Елімнің рәміздері – менің мақтанышым» атты шығармашылық конкурс өтті. Байқаудың басты мақсаты: Отанымыздың мемлекеттік нышандарына, дәстүрлеріне деген құрмет тәрбиелеу, еліміздің мәдени және тарихи мұраларды мақтан тұту. Іс-шараға балалар баспа орталығынан 5 оқушы (жетекшісі: Вайберт); «Рауан»әдеби студиясынан 5 оқушы (Жетекшісі: Юрченко М.В.); «Қазақша сөйлесейік» үйірмесінен 2 учащихся (Жетекшісі: Ахантаева С.Б.); «Өркен» клубынан 2 оқушы (Жетекшісі Оспанқұлова А.С.); «Bridge to English» үйірмесінен 1 оқушы (жетекшісі:Фетисова Н.А.); «Englishland» үйірмесінен - 2оқушы (жетекшісі: Сансызбаева А.Ж.) белсене қатысты. Жасына байланысты 3 категорияда жалпы 17 жұмыс мемлекеттік және орыс тілдерінде ұсынылды. «Шығарма» номинациясында: 7 ден 10 жасқа дейін – 3 жұмыс; 10-нан 14-ке дейін – 5 жұмыс; 14-тен 18-ге дейін – 6 жұмыс. «Поэзия» номинациясында: 7 ден 10 дейін - 1жұмыс; 10-нан 14-ке дейін – 1жұмыс; 14-тен 18-ге дейін – 1 жұмыс. 21 желтоқсан күні салтанатты түрде жеңімдар дипломдармен және тәтті сыйақымен марапатталды. Стенина Полина,Чингизова Айжан, Асанова Ульяна, Оразалин Турар, Сапарбек Тоғжан және Сапарбек Таңсұлу, Закроева Настя, Шорина Мария, Али Акул, Мадьян Акул және .Мухина Мариялар өз шығармаларында еліміздің рәміздерге деген көзқарастарын және оларды қалай мақтан тұтатының жеткізе білді. |