Мы в соцсетяхАнтикоррупционная службаДворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения15983728
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 9798 5464 31261 15648833 125073 513018 15983728 Ваш IP: 18.118.0.93
Время: 2025-01-08 21:28:04
|
Сәлем, мектеп!
Павлодар қаласының мектептеріне демонстрациялық сабақтармен шығу М.Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайы педагогтарының дәстүріне айналды. Біріншіден, мектеп оқушылары үшін бұндай кездесулер өте қызықты, өйткені олар күнделікті сабақтардан ерекшеленіп және мектеп өміріне әртүрлілік енгізеді. Екіншіден балалар Оқушылар сарайының студиялар мен клубтары туралы мәлімет алады. Қазан айында Оқушылар сарайының педагогтері мен әдіскерлері қаланың № 17,12,23 мектептерінде әдістемелік шығу өткізген болатын. Құқық, экологиялық, көркемдік-эстетикалық және тілдік бағыттағы клубтар және студия жетекшілері 203 оқушы, 15 мұғалім үшін, 18 шеберлік сабақ өткізді. Шеберлік сабақтарды өткізу барысында оқушылар автомобиль үлгілерін жинап үйренді, «Квилинг» техникасында қағазбен жұмыс жасады, үй жануарларының міңез-құлқын зерттеді, скаут қозғалысымен танысты, мексикалық амулеттерді жасауға үйренді, сахналық өнермен, домбыра және қобызда шертуді үйреніп, «Волонтер қызметінің ережесін» қабылдады. Балалар оқушылар Сарайының психологиялық қызметімен таныс болды. Психологтар Оқушылар сарайының сенімдік телефон туралы балаларға хабарлап, оларды қоғамдық қабылдауларға шақырды. «Антарес» астрономия клубы және «Робототехника» үйірмесінің ашылуы, мектеп оқушылары үшін жақсы жаңалық болды. Әдістемелік шығудың қорытындысын шығару барысында мектептерде «Тәуелсіз микрофон» жұмыс істеді, онда өткізілген шеберлік сабақтар бойынша мұғалімдер мен оқушылар жағымды ойларымен, пікірлерімен бөлісті. |