Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар16884292
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 7677 14492 48088 16552411 230737 334233 16884292 Сіздің IP: 18.226.177.217
Уақыт: 2025-03-14 18:01:37
|
Қашыр ауданында қонақта
9 сәуір күні Оқушылар сарайының тыным таппайтын мұғалімдері Қашыр ауданына әдістемелік көмек көрсету мақсатымен жол тартты. Бәрін бастап алып барған, Мельник Людмила Владимировна – әдістемелік бөлім меңгерушісі. Людмила Владимировнамен бірге Қашырға әдіскерлер Ашенова Бағлан Ердынбаевна, Юрченко Марина Владимировна, Алпысбай Мадина Бахытқызы, қосымша білім беру педагогтері Вайберт Елена Валентиновна мен Гречанова Валерия Олеговна және №40 мектептің аға тәлімгері Маракина Надежда Николаевна барды.
Олар Қашыр ауданы «Жас Ұлан» БЖҰ жұмысымен танысты, балалар қозғалысының дамуына үлес қосып келе жатқан мұғалімдер мен оқушыларды марапаттады. Және де шебер-сыныптар өткізді. Шебер-сыныптар балалар журналистикасы, көшбасшылық, патриоттық бағыттар бойынша және әдеби шығармашылық пен көркем-сурет тақырыбында өткізілді. Іс-шараға барлығы 100-ден астам бала қатысты. |