Мы в соцсетяхАнтикоррупционная службаДворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения21883004
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 3002 10404 58966 21580948 34935 343241 21883004 Ваш IP: 216.73.216.146
Время: 2026-04-04 05:43:20
|
«НА EASY» облыстық жобасы
Жаңа жыл қарсаңында «НА EASY» аймақтық жобасының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Жоба Павлодар облысының Білім беру басқармасы, М.М. Катаев атындағы Оқушылар сарайы және «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қолдауымен жүзеге асырылды. Бұл байқаудың мақсаты туған өлкенің тарихын зерттеу және жанұялардың бір-бірімен тығыз қарым-қатынас жасау арқылы ынтымақтастықта болу. Аталмыш ауқымды жоба төрт айда бірегей 4 кезеңді қамтыды. «НА EASY» жобасына Павлодар облысының барлық аймақтарынан 300 отбасы қатысты. Біз қатысушылардан 300-ден астам ұсынылған тапсырмалардың қортындысын жинадық. Олар 60 000 қаралымға ие болды. «Ок! Все в Тик-ток» кезеңнің жеңімпаздары Кулиашвили @malinovka_irjkf әпкелі-сіңілілер болған еді. «Игры разума» кезеңінің жеңімпазы - @ayaulym_kalievna, «ТОП-овые предки» - бөлімінің жеңімпазы @actorlord, «FAN-тег» жеңімпазы - @_vikto1276 болды. Байқау жеңімпаздары «Mi Band» сағаты, смартфон, Марвин дүкеніне ақшалай сертификат, «Netflix-ке» алты айлық жазылым, сыртқы диск және микрофонға ие болды. |














