Мы в соцсетях 

 facebook ok vk youtube

Антикоррупционная служба 

Колл центр 1424

Дворец школьников 

Облако тегов 

Наши посещения 

14591450
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В этом месяце
За прошлый месяц
За все дни
6016
11064
78567
14235361
66346
356704
14591450

Ваш IP: 18.224.59.133
Время: 2024-10-06 16:14:49

«Camp time» лагері жұмысын жалғастыруда!

«Camp time» в действии! «Camp time» в действии!
«Camp time» в действии! «Camp time» в действии!

Екі ай бойы М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарйының әдіскерлері ұйымдастырған «Camp time» қашықтан лагері өз жұмысын жалғастырып келеді. Лагердің бірінші айында 7 мектебінің жұмысына облыс көлемі бойынша 7329 оқушысы қатысып, әлеуметтік желілерде қаралу саны 9839-ға жетті.

«Camp time» в действии! «Camp time» в действии!
«Camp time» в действии! «Camp time» в действии!

«WOW-шоу» шығармашылық мектебінде «Қазақ ертегілерінің кейіпкерлері» атты саяхат, «Жазғы карнавал» атты авторлық театрлық киім үлгісіне, «Балалық шақ күлкіге бөленсін» ойын сабақтары және «Караоке-онлайн» отбасылық саяхаттан тұратын шығармашылық іс-шаралар фестивалі ұйымдастырылды. Қатысушылар фотосуреттер мен бейнелерді #Likeshowpvl хэштегімен орналастырады.

#ТехноВООМpvl хэштегімен Оқушылар сарайының ғылым және техника бөлімінің ұстаздары «Техно-LAB» техно-мектебінде «Интеративті анимациялар және шағын ойындар» бағдарламалау курсы, «Таңғажайып астрономия» танымдық сабақтар, «Техно-ВООМ» шығармашылық шеберханасында – автобустар мен кемелерді модельдеу өте қызық болды. # ArtPicassopvl хэштегімен көрсетілген «Шығармашылық идеялар әлемі» атты наnd-mаdе зертханасында «Арт-Пикассо» атты жас суретшілерге арналған сабақтар қызық болды. Сабақтарды Оқушылар сарайының эстетика бөлімінің және Екібастұз бен Павлодардағы өнер мектептерінің оқытушылары жүргізеді.

Sportland «Салауат» денсаулық мектебінде үнемі таңертеңгілік жаттығулар мен тыныс алу жаттығулары #Спортfestpvl хэштегімен өткізіліп тұрды. Республикалық дене тәрбиесі практикалық орталығының және Оқушылар сарайының әдіскерлері Ж.М.Ешімқұлов өткізген болатын.

«Smartperson» зияткерлік ойын мектебінде бірнеше үстел ойын турнирлері өтті #bestУМpvl хэштегімен өткізіліп тұрды. Бұл мектепті Оқушылар сарайының әдіскері және Республикалық дене тәрбиесі практикалық орталығы өткізді.

«Жасыл технологиялар» экологиялық мектебінің қатысушылары «ECOlife» және «Экодағдылар трекері» пайдалы кеңес айдарында көптеген қызықты фото және бейне материалдарын әлеуметтік желіге #ЭКОlifepvl хэштегімен жүктеді.

«Sociability» жас көшбасшылардың мектебінде Павлодар облысы бойынша «Жас Ұлан» ББЖҰ «Қызық мамандықтар әлемі» атты челлендж, жасқырандықтар арасында «Менің сүйікті үй жануарым» атты фотоконкурс, «Dreamteam» онлайн-кездесулер өткізілді.

Павлодар облысындағы «Жас Ұлан» ұйымы ««Sociability»» жас көшбасшысының мектебінде «Қызықты мамандықтар әлемінде» челленджін, «Менің сүйікті үй жануарым» жасқырандықтар арасында фотоконкурс, «Dreamteam» онлайн-кездесу циклын өткізді. Қатысушылардың бейнелері # ZhasҰlanTEAMpvl хэштегімен орналастырылған болатын.

Добавить комментарий