Бейнежаңалықтар
Оқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар24691019
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 19663 21605 19663 24448750 99132 375807 24691019 Сіздің IP: 216.73.216.157
Уақыт: 2026-11-09 17:53:00
|
«Жили-были» тренингі...
2013 жылдың 5 қарашасында Балалардың қоғамдық қабылдау бөлмесі аясында балалардың құқығын насихаттаудың еуропалық бағдарламасы «Компасито» бойынша «Жили-были...» тренингі өткізілді. Тренинг №№1,17,29,31,21,14,39,24 мектеп оқушыларының және «Конфессияаралық қарым-қатынасты сараптаушы және дамытушы орталықтың», «Аналар есірткіге қарсы» ҚБ, «Балалы әйелдердің әлеуметтік бейімделу орталығы» ММ. «Денсаулықты сақтау басқармасының», КМБПЧ мен СЗ (адам құқықтары бойынша бюро), «Әйелдер – ұлт болашағы үшін» ҚБ өкілдерінің қатысуымен өтті. Тренинг барысында гендерлік стереотиптер, гендерлік теңдік, гендерлік дискриминация сұрақтары қарастырылды. Тренингке қатысушылар еркектер мен әйелдердің қоғамдағы орнын қызу талқыға салды. Өздерін әр түрлі рөлдерде сынап көрді. Қатысушылар стереотиптер адамдардың кейбір категорияларына қатысты әділетсіз және қоғамда теңсіздік тудырып, адамдардың құқығын бұзатынына көз жеткізді. |














