Мы в соцсетяхАнтикоррупционная службаДворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения17658215
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 14139 13894 69865 17356200 109694 468472 17658215 Ваш IP: 3.137.222.228
Время: 2025-05-09 23:58:53
|
Оқушылар сарайында Алексей Лодочниковпен кездесу өтті
31 қаңтар күні Оқушылар сарайында жастар жылы аясында жас домбырашы, әнші «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы Алексеем Лодочниковпен кездесу өтті. Алексей өзінің балалық шағы мен шығармашылық жолын айтып берді. Қазіргі таңда Алексей музыкалық колледжінің «Домбырада дәстүрлі ән айту» бөлімінде оқиды. Ол облыстық және республикалық музыкалық конкурстарға қатысып жүлделі орындарға ие болып жүр. Оз оқу орынында оқып жүріп Алексей «Жас Отан» ЖҚ басшысы болып тағайындалды. 2014 жылы Алексей алғаш рет Елбасының алдыңда өнер көрсетті. Кездесуге Оқушылар сарайының «Жас екпін» домбыра ансамбілі, жасұландықтар, Құрманғазы атындағы №1 музыкалық мектебінің оқушылары қатысты. Алексеймен жақын танысу үшін кездесудің қатысушылары оның жеке фото-бейне мұрағатынан алынған материалдарды қарады. Балалар Алексейге көп сұрақтар қойды. Олар оның шығармашылығы, алдағы жоспарлары жайлы, Жастар жылының ашылуына байланысты өткен форум туралы сұрастырды. Алексей барлық сұрақтарға жауап беріп, өзінің сүйікті «Қазақ осы» деген әнің шырқап берді. «Жас екпін» ансамбілінің тәрбиеленушілері «Ерке сылқым» күйін орындады.
Алексей мемлекеттік тілді жетік меңгерген, кездесу барысында оқушылармен қазақ тілінде сөйледі. Кездесуді «Қаламгер» баспасөз орталығының тәрбиеленушілері және олардың жетекшілері Асем Аипова ұйымдастырып, жүргізді. - Маған жастармен кездескен ұнайды. Бүгінгі оқушылармен өткен кездесу маған аса қызық болып тұр, өйткені Оқушылар сарайынан талай талантты түлектер ұшып шыққан, - деп өз ойымен бөлісті Алексей Лодочников. |