Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар15132516
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 466 9693 20430 14881709 154005 453407 15132516 Сіздің IP: 3.144.90.192
Уақыт: 2024-11-13 00:45:03
|
Оқушылар сарайында Алексей Лодочниковпен кездесу өтті
31 қаңтар күні Оқушылар сарайында жастар жылы аясында жас домбырашы, әнші «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы Алексеем Лодочниковпен кездесу өтті. Алексей өзінің балалық шағы мен шығармашылық жолын айтып берді. Қазіргі таңда Алексей музыкалық колледжінің «Домбырада дәстүрлі ән айту» бөлімінде оқиды. Ол облыстық және республикалық музыкалық конкурстарға қатысып жүлделі орындарға ие болып жүр. Оз оқу орынында оқып жүріп Алексей «Жас Отан» ЖҚ басшысы болып тағайындалды. 2014 жылы Алексей алғаш рет Елбасының алдыңда өнер көрсетті. Кездесуге Оқушылар сарайының «Жас екпін» домбыра ансамбілі, жасұландықтар, Құрманғазы атындағы №1 музыкалық мектебінің оқушылары қатысты. Алексеймен жақын танысу үшін кездесудің қатысушылары оның жеке фото-бейне мұрағатынан алынған материалдарды қарады. Балалар Алексейге көп сұрақтар қойды. Олар оның шығармашылығы, алдағы жоспарлары жайлы, Жастар жылының ашылуына байланысты өткен форум туралы сұрастырды. Алексей барлық сұрақтарға жауап беріп, өзінің сүйікті «Қазақ осы» деген әнің шырқап берді. «Жас екпін» ансамбілінің тәрбиеленушілері «Ерке сылқым» күйін орындады. Алексей мемлекеттік тілді жетік меңгерген, кездесу барысында оқушылармен қазақ тілінде сөйледі. Кездесуді «Қаламгер» баспасөз орталығының тәрбиеленушілері және олардың жетекшілері Асем Аипова ұйымдастырып, жүргізді. - Маған жастармен кездескен ұнайды. Бүгінгі оқушылармен өткен кездесу маған аса қызық болып тұр, өйткені Оқушылар сарайынан талай талантты түлектер ұшып шыққан, - деп өз ойымен бөлісті Алексей Лодочников. |