Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар24464071
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 6015 8875 66618 24148758 247991 527623 24464071 Сіздің IP: 216.73.216.219
Уақыт: 2026-10-17 18:23:46
|
Оқушылар сарайының әдіскерлері облыстық вебинар өткізді
2018 жылдың 12 желтоқсан күні Оқушылар сарайының әдіскерлерінің ұйымдастыруымен дарынды балаларға арналған көпсалалы лицей-интернатында «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында жалпы орта және кәсіптік білім беру мекемелерінде өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беруді жандандыру» тақырыбында облыстық вебинар өткізілді. Вебинарға Павлодар және Ақсу қалалары, Баянауыл, Железин, Май, Тереңкөл, Шарбақты және Успен қалаларының мектеп директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі 36 орынбасарлары қатысты. Онлайн-кездесудің спикері – әдістемелік бөлімнің меңгерушісі Бағлан Ашенова – вебинардың тақырыбымен таныстырып, «Менің туым», «Шанырак», «ЭКОboom», «Familyday», «Адал friends» облыстық жобаларының үйлестірушілерімен таныстырып өтті. Оқушылар сарайының әдіскерлері жобаларды іске асыру барысы туралы айтып, вебинарға қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. |














