Мы в соцсетяхАнтикоррупционная службаДворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения20634451
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 8941 12349 8941 20361407 402129 381361 20634451 Ваш IP: 216.73.216.209
Время: 2025-12-29 14:05:40
|
Алдағы оқу жылына арналған жобалар
Павлодар облысының аудандары мен қалаларының аға тәлімгерлері мен үйлестірушілері М.Катаев атындағы Оқушылар сарайында «Жас Ұлан ҚБЖҰ-ның даму перспекивалары» атты ең алғаш үйлестіру кеңесінде кездесті. Бұл шараның күн тәртібінде 2018-2020 жылдарға арналған Павлодар облысында балалар қозғалысының «Жас Ұланмен бірге» атты даму бағдарламасына қатысты сұрақтар қойылды. Кеңестің шығармашылық отырысында делегаттар жемқорлыққа қарсы мәдениет, құқықтық тәрбие және кәсіби бағдар беру қызметті туралы, патриоттық және өлкетану бағыты бойынша жұмыс әдістері талқыланды. - Біз 2018-2019 оқу жылына арналған «Жас Ұлан» ұйымының ең басты жобаларының күнтізбесін бекіттік, - деді «Жас Ұлан» балалар-жасөспірімдер ұйымының аймақтық хатшысы Бауыржан Сейталиев. - Бұл жоспарға «Жыл үйлестірушісі», «Жыл аға тәлімгері», облыстық «Отаныма деген менің бастамам», «Үздік Ұлан» start-up бастамалар мен облыстық жасұландықтар күні. Үйлестіру кеңесінде Павлодар облысынан 40 үйлестірушілері мен аға тәлімгерлері қатысты. |














