Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар24464565
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 6509 8875 67112 24148758 248485 527623 24464565 Сіздің IP: 216.73.216.219
Уақыт: 2026-10-17 19:21:31
|
Күшіміз бірлікте!
2017 жылдың 5 желтоқсан күні Павлодар облысының жас еріктілері ескерткішке гүл шоқтарын қойып, Мәңгілік алауда вальс орындады. Сол күні балалар тағы да бірнеше іс-шаралар мен акциялар ұйымдастырды. Аталмыш іс-шара Павлодар облыстық Білім басқармасының бастамасымен облыстық Оқушылар сарайында «Жас Ұлан» ББЖҰ-ның еріктілерінің жастар облыстық форумы және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілді.
Бұл Павлодар облысының білім беру мекемелеріндегі жасұландықтардың арасында тиімді волонтерлік бастамаларды іске асыру бойынша тәжірибе алмасу үшін көп қырлы алаң болып іске асты. Бұл күні жас еріктілер «Күш – бірікте!», «Мәдениеттер қиылысында», «Білім үшін бейбітшілік», «Ерекше адамдарға арналған тарих» деген өзекті мәселелерді шешіп келесі бес бағыт бойынша нетворкинг өткізді. Қатысушылар «Дос болыңдар», «Барша жердегі бейбітшілік, демек менің үйімде», «Мен өз күшімді жерімнен аламын» атты патриотық ойындар ойнады. Бұл күні мейірімді көптеген жақсы, мағыналы істер жасалды. Форум қатысушылары практикалық акцияларды ұйымдастырып, сол жерде іске асырды. Осы әрекеттердің бірі Мәңгілік алауға гүлдер қою болды. Форумға қатысушылар балалар мен жастар ұйымдарының еріктілер қауымдастығының және балалар бірлестіктерінің басшылары, аға кеңесшілері болды. Форумға Павлодар облысынан шамамен 300-ден астам көшбасшысы жиналды. |














