Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар16885924
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 9309 14492 49720 16552411 232369 334233 16885924 Сіздің IP: 3.22.216.158
Уақыт: 2025-03-14 22:11:39
|
Оқушылар сарайы туралы кітаптың бетіне шықты
Облысымыздың балалар қозғалысының тарихы туралы және М.Катаев атындағы Облыстық Оқушылар сарайы жайлы «Павлодар – город на Иртыше» атты кітаптың бір бетіне мағлұмат жарыққа шықты. Кітап авторларының ішінде Оқушылар сарайы «Рауан» әдеби шығармашылық студиясының жетекшісі Марина Юрченко бар. Бұл кітаптың бір бөлімінде ол әдеби Павлодар туралы жазған болатын. Балалар баспасөз-орталығының жетекшісі Елена Вайберт кітаптың негізгі авторы және әдеби редакторы болған еді.
Аталмыш кітапта «Павлодар на карте мира», «Тайны древней земли», «Городу - быть!», «Текущий сквозь века и земли», «Пусть здесь бои не грохотали» және тағы да басқадай он төрт бөлімдер бар. Кітап басылымға шықпас бұрын әдеби және ғылыми дереккөздер пайдаланып, көптеген павлодарлық ғалымдар, мұрағат және мұражай жұмыскерлері, қоғамдық қайраткерлер кеңес берді. Үш тілде шыққан кітапта (қазақ, орыс тілі және ағылшын тілі) ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейін қаламыздың шығу тарихы, орталықтың ірі өнеркәсіптік аймағы жайлы, танымал ақын-жазушылардың Отаны жайлы мағлұмат берілген. |