Бейнежаңалықтар
Оқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар24691019
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 19663 21605 19663 24448750 99132 375807 24691019 Сіздің IP: 216.73.216.157
Уақыт: 2026-11-09 17:53:09
|
«Чернобль жүрегімнің түбінде...»
М.Катаев атындағы Облыстық Оқушылар сарайында 18 мамыр күні «Чернобыль. Помнить, чтобы не повторилось» атты Чернобыль электростанциясында болған апатқа байланысты мерейтойына арналған облыстық жобасының жабылу салтанаты болып өтті. Іс-шараның қонақтары болып, Чернобыль апатының жоюшылары, Павлодар облысы «Чернобыль Одағы» қоғамдық бiрлестiктiң төрағасы, жобаның демеушісі Виктор Деймунд болды. Жобаның жабылуында 83 адам болды. Әр-түрлі сайыстарға сай марапаттарды Павлодар қаласының Ақсу, Қашыр, Шарбақты, Ақтоғай, Лебяжі қала мектептерінің 42 оқушысы ие болды. Авторлық өлеңдердің және суреттердің қортындысына сай «…и через сердце пропустил Чернобыль» атты жинақ шығарылып, сыйлық ретінде қонақ қатысушыларына таратылды. Аталмыш жобада белсенді қатысқандары үшін Қашыр ауданы Оқушылар үйінің жетекшісі, аудандық білім бөлімінің жетекшілері алғыс хаттармен марапатталды.
Ең белсенді болған Ақсу, Қашыр, Шарбақты аудандары болды. «Чернобыль. Помнить, чтобы не повторилось» атты жобысы Оқушылар Сарайында ағымдағы оқу жылында іске асырылған еді. Оның мақсаты атом энергетика тарихында үлкен техногендік апат жайлы ақпар беру болды. Бұл жобаның авторы болып, М.Катаев атындағы Оқушылар Сарайының әдіскері, «Шаңырақ» скаут орталығының жетекшісі Мария Ишмухаметова болды.
|














